Об установлении порядка определения и применения рыночного курса обмена валют

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 января 2009 года № 36 и Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 января 2009 года № 4. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 февраля 2009 года № 5570. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказом Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99

      Сноска. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 25.01.2013 № 15 и приказом Министра финансов РК от 22.02.2013 № 99 (вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 10) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности, Министр финансов Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЕТ и Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными приказом Министра финансов РК от 19.01.2011 № 27 и постановлением Правления Национального Банка РК от 27.12.2010 № 106 (вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      1. Установить следующий порядок определения рыночного курса обмена валют:
      1) по доллару США рыночный курс обмена валют определяется как средневзвешанный биржевой курс тенге к доллару США, сложившийся на утренней (основной) сессии акционерного общества "Казахстанская фондовая биржа" по состоянию на 11-00 часов алматинского времени;
      2) по иностранным валютам, указанным в приложении к настоящим приказу и постановлению, рыночный курс обмена валют рассчитывается Национальным Банком Республики Казахстан с использованием кросс-курсов к доллару США, сложившихся по состоянию на 15-00 часов алматинского времени в соответствии с котировками спроса, полученными по каналам информационного агентства "Reuters".
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказом Министра финансов РК от 19.01.2011 № 27 и постановлением Правления Национального Банка РК от 27.12.2010 № 106 (вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      2. Рыночный курс обмена валют, определенный в соответствии с пунктом 1 настоящих приказа и постановления, применять в день, следующий за днем проведения торгов на сессии.
      3. Финансовым организациям, исламским специальным финансовым компаниям и специальным финансовым компаниям, созданным в соответствии с законодательством Республики Казахстан о секьюритизации, в целях формирования финансовой отчетности осуществлять пересчет активов и обязательств, подлежащих пересчету в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности, в конце дня, в котором проводились торги, с использованием рыночного курса обмена валют, определенного в порядке, установленном пунктом 1 настоящих приказа и постановления, либо по курсу информационного агентства "Reuters" на момент закрытия операционного дня.
      Остальным организациям, за исключением Национального Банка Республики Казахстан, в целях формирования финансовой отчетности осуществлять пересчет активов и обязательств, подлежащих пересчету в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности, на отчетную дату с использованием в качестве курса закрытия рыночного курса обмена валют, определенный на дату последнего дня отчетного периода, в котором проводились торги в порядке, установленном пунктом 1 настоящих приказа и постановления.
      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.01.2011 № 27 и постановления Правления Национального Банка РК от 27.12.2010 № 106 (вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      4. Признать утратившими силу:
      1) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 629 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 512 "Об установлении порядка определения рыночного курса обмена валют" (зарегистрированные в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 2106, опубликованные в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2003 г., № 8, ст. 802);
      2) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июля 2004 года № 299 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 9 июля 2004 года № 94 "О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 629 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 512 "Об установлении порядка определения рыночного курса обмена валют" (зарегистрированные в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 3025, опубликованные в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2004 г., № 37-40, ст. 1023);
      3) постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 февраля 2008 года № 11 "О применении рыночного курса обмена валют в финансовых организациях и специальных финансовых компаниях в целях формирования финансовой отчетности" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 5171).
      5. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящих приказа и постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан и их последующее официальное опубликование в средствах массовой информации.
      6. Национальному Банку Республики Казахстан в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящих приказа и постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящие приказ и постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана" и финансовых организаций.
      7. Контроль за исполнением настоящих приказа и постановления возложить на Вице-Министра финансов Республики Казахстан Смаилова А.А. и Заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Акишева Д.Т.
      8. Настоящие приказ и постановление вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Министр финансов
      Республики Казахстан
      _____________ Б. Жамишев

      Председатель
      Национального Банка
      Республики Казахстан
      _____________ Г. Марченко

Приложение        
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан   
от 28 января 2009 года № 36
и постановлению Правления 
Национального Банка    
Республики Казахстан   
от 26 января 2009 года № 4

      Сноска. Приложение в редакции приказа Министра финансов РК от 19.01.2011 № 27 и постановления Правления Национального Банка РК от 27.12.2010 № 106 (вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).

Перечень иностранных валют

      1. Австралийский доллар (AUD)
      2. Белорусский рубль (BYR)
      3. Вона (KRW)
      4. Гривна (UAH)
      5. Датская крона (DKK)
      6. Дирхам (AED)
      7. Евро (EUR)
      8. Злотый (PLN)
      9. Йена (JPY)
      10. Канадский доллар (CAD)
      11. Кувейтский динар (KWD)
      12. Латвийские латы (LVL)
      13. Литовские литы (LTL)
      14. Молдавская лея (MDL)
      15. Норвежская крона (NOK)
      16. Российский рубль (RUB)
      17. Саудовский риял (SAR)
      18. SDR (XDR)
      19. Cингапурский доллар (SGD)
      20. Cом (KGS)
      21. Сомони (TJS)
      22. Турецкая лира (TRL)
      23. Узбекский сум (UZS)
      24. Форинт (HUF)
      25. Фунт стерлингов (GBP)
      26. Чешская крона (CZK)
      27. Шведская крона (SEK)
      28. Швейцарский франк (CHF)
      29. Юань, Рэнминби (CNY)
      30. Южноафриканский Рэнд (ZAR)

Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министірің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 36 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 4 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 27 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5570 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 15 Қаулысымен және ҚР Қаржы министрінің 22.02. 2013 № 99 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.01.19 № 27 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтаудың мынадай тәртібі белгіленсін:

      1) АҚШ доллары бойынша валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы Алматы уақытымен 11-00 сағаттағы жағдай бойынша "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының таңертеңгі (негізгі) сессиясында қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына орташа алынған биржалық бағамы ретінде айқындалады;

      2) осы бұйрықтың және қаулының қосымшасында көрсетілген шетел валютасы бойынша валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы "Reuters" ақпараттық агенттігінің арнасы бойынша алынған сұраныстық бағалауға сәйкес Алматы уақытымен сағат 15-00 жағдайы бойынша қалыптасқан АҚШ долларына қарағанда кросс-бағамдарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептейді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.01.19 № 27 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы бұйрықтың және қаулының 1-тармағына сәйкес анықталған валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы сессиядағы сауда-саттық өткізетін күннен кейінгі күні қолданылады.

      3. Қаржы ұйымдары, исламдық арнайы қаржы компаниялары және Қазақстан Республикасының Секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қайта есептеуге жататын активтер мен міндеттемелерді қайта санауды осы бұйрықтың және қаулының 1-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып не "Reuters" ақпараттық агенттігінің операциялық күнді жабу сәтіндегі бағамы бойынша сауда-саттық өткізілген күннің аяғында жүзеге асырсын.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, басқа ұйымдар қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта санауға жататын активтер мен міндеттемелерді қайта санауды осы бұйрықтың және қаулының 1-тармағында белгіленген тәртіппен сауда-саттық өткізілген есепті кезеңнің соңғы күніне айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын жабу бағамы ретінде пайдалана отырып жүзеге асырсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.01.19 № 27 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512 қаулысы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 2106 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған 2003 ж., N 8, 802-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 299 бұйрығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 94 қаулысы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 3025 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған 2004 ж., N 37-40, 1023-құжат);

      3) "Қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында қаржы ұйымдарында және арнайы қаржы компанияларында валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдану туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 25 ақпандағы N 11 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 27 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5171 тіркелген).

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы бұйрық пен қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі осы бұйрық пен қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы бұйрықты және қаулыны орталық аппараттың мүдделі бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі мен қаржы ұйымдарының назарына жеткізсін.

      7. Осы бұйрықтың және қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ә.А. Смайыловқа және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Әкішевке жүктелсін.

      8. Осы бұйрық пен қаулы олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы


Ұлттық Банкінің Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
N 36 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 4 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.01.19 № 27 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

Шетелдік валюталардың тізбесі

      1. Австралия доллары (AUD)

      2. Беларусь рублі (BYR)

      3. Вона (KRW)

      4. Гривна (UAH)

      5. Дат кронасы (DKK)

      6. Дирхам (AED)

      7. Еуро (EUR)

      8. Злотый (PLN)

      9. Йена (JPY)

      10. Канада доллары (CAD)

      11. Кувейт динары (KWD)

      12. Латвия латы (LVL)

      13. Литва литы (LTL)

      14. Молдова лейі (MDL)

      15. Норвегия кронасы (NOK)

      16. Ресей рублі (RUB)

      17. Сауд риялы (SAR)

      18. SDR (XDR)

      19. Сингапур доллары (SGD)

      20. Сом (KGS)

      21. Сомони (TJS)

      22. Түрік лирасы (TRL)

      23. Өзбек сумы (UZS)

      24. Форинт (HUF)

      25. Фунт стерлингі (GBP)

      26. Чех кронасы (CZK)

      27. Швед кронасы (SEK)

      28. Швейцария франкі (CHF)

      29. Юань, Рэнминби (CNY)

      30. Оңтүстік Африка Рэнді (ZAR)