Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2106 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 94 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3025. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министірің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 36 Бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 4 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы министірің 2009.01.28 N 36 Бұйрығымен, ҚР Ұлттық Банкі Басқарамасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      "Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағын және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 10-бабының 1-тармағының 27-1) тармақшасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН/ қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2106 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2106 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 8) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығының/Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512 қаулысының қосымшасындағы шетел валютасының тізбесі мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
      "26. 1 беларусь рублі;
      27. 1 польша злотыйы;
      28. 1 Оңтүстік Африка ранды.".
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) оны мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы бұйрық/қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың/қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-Министрі А.Р.Ойнаровқа және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық/қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының      
      Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады