О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 62 "Об утверждении Правил ведения системы реестров держателей ценных бумаг"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 ноября 2009 года № 243. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 января 2010 года № 5994. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2014 года № 167

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 27.08.2014 № 167 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов по вопросам ведения системы реестров держателей ценных бумаг Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правления Агентства от 25 февраля 2006 года № 62 "Об утверждении Правил ведения системы реестров держателей ценных бумаг" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4175) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах ведения системы реестров держателей ценных бумаг, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 6:
      в подпункте 7) знак препинания "." заменить знаком препинания ";";
      дополнить подпунктами 8)9) следующего содержания:
      "8) о сумме сделки в случае исполнения регистратором приказа на списание/зачисление ценных бумаг с/на лицевых/лицевые счетов/счета зарегистрированных лиц;
      9) о лицах, в пользу которых осуществлено обременение ценных бумаг.";
      в подпункте 7) пункта 8 слово "представления" заменить словом "утверждения";
      пункт 15 изложить в следующей редакции:
      "15. Требования пунктов 9, 10, 12 и 13 настоящих Правил не применяются:
      1) при открытии лицевого счета зарегистрированному лицу - собственнику ценных бумаг в случае лишения лицензии профессионального участника рынка ценных бумаг, осуществляющего брокерскую и (или) дилерскую деятельность с правом ведения счетов клиентов в качестве номинального держателя, в системе номинального держания которого учитывались ценные бумаги, принадлежащие данному лицу, на основании приказа центрального депозитария на открытие лицевого счета и оригиналов документов, представленных номинальному держателю его клиентом для открытия лицевого счета в системе учета номинального держания;
      2) при формировании системы реестров в случаях приема новым регистратором от эмитента или прежнего регистратора документов, необходимых для формирования системы реестров, а также при исполнении регистратором исполнительного листа суда.
      Положения подпункта 1) настоящего пункта применяются в случае отсутствия у зарегистрированного лица лицевого счета, открытого в системе реестров.";
      дополнить пунктом 17-1 следующего содержания:
      "17-1. Приказ центрального депозитария, указанный в подпункте 1) пункта 15 настоящих Правил, содержит сведения, предусмотренные подпунктами 1), 3), 4), 5), 6) и 7) пункта 17 настоящих Правил.";
      пункт 19 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) лицах, в пользу которых осуществлено обременение;";
      в пункте 32 слово "пунктом" заменить словами "подпунктом 2) пункта";
      дополнить пунктом 32-1 следующего содержания:
      "32-1. По лицевому счету, открытому в соответствии с подпунктом 1) пункта 15 настоящих Правил, не проводятся операции, указанные в подпунктах 2), 3), 5), 7) пункта 26 настоящих Правил, за исключением операции по зачислению ценных бумаг на лицевой счет зарегистрированного лица, до представления зарегистрированным лицом регистратору:
      1) копии документа, удостоверяющего личность (для физического лица);
      2) копий документов, указанных в подпунктах 2) и 4) пункта 13 настоящих Правил (для юридического лица).";
      пункты 4142 изложить в следующей редакции:
      "41. При аннулировании выпуска акций регистратор после получения уведомления уполномоченного органа об аннулировании выпуска акций проводит операции по единовременному списанию акций с лицевых счетов их держателей и лицевых счетов эмитента.
      В случае аннулирования выпуска объявленных акций в связи с ликвидацией либо реорганизацией юридического лица ведение системы реестров прекращается на основании документа, подтверждающего расторжение договора, заключенного между регистратором и эмитентом.
      42. При погашении облигаций (исламских ценных бумаг) регистратор проводит операцию списания облигаций (исламских ценных бумаг) с лицевых счетов их держателей и зачисления на лицевой счет эмитента по учету выкупленных ценных бумаг на основании уведомления эмитента (оригинатора), подтверждающего исполнение им своих обязательств по погашению облигаций (исламских ценных бумаг).";
      столбцы "находящиеся в обременении" и "блокированы" таблицы третьей приложения 1 изложить в следующей редакции:
"

находящиеся в
обременении с
указанием лица, в
пользу которого
осуществлено
обременение

блокированные
ценные бумаги с
указанием лица, в
пользу которого
осуществлено
блокирование

                                    ";
      столбцы "обремененных и (или) блокированных" таблицы третьей приложения 2 изложить в следующей редакции:
"

обремененных и (или)
блокированных ценных
бумаг, с указанием
лица, в пользу
которого осуществлено
обременение и (или)
блокирование

                        ";
      столбец "обремененных и (или) блокированных ценных бумаг" таблицы второй приложения 4 изложить в следующей редакции:
"

обремененных и (или)
блокированных ценных
бумаг, с указанием
лица, в пользу
которого осуществлено
обременение и (или)
блокирование

                        ".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, организаций, осуществляющих деятельность по ведению системы реестров держателей ценных бумаг, центрального депозитария и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      4. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Алдамберген А.У.

      Председатель                               Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадғы № 243 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5994 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесінде:
      6-тармақта:
      7) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) тіркеуші бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан /шоттарына есептен шығару/есепке алу жөніндегі бұйрықты орындаған кездегі мәміленің сомасы туралы;
      9) пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғалар туралы мәліметтер болады.»;
      8-тармақтың 7) тармақшасында «есептерді берген» деген сөз «есептер бекітілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Осы Ереженің 9, 10, 12 және 13-тармақтарының талаптары мынадай жағдайда қолданылмайды:
      1) бағалы қағаздар иегеріне - тіркелген тұлғаға, осы номиналды ұстау жүйесінде тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар есепке алынған номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда орталық депозитарийдің жеке шотты ашу жөніндегі бұйрығының және номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқалары негізінде жеке шот ашқан кезде;
      2) жаңа тіркеуші эмитенттен немесе бұрынғы тіркеушіден тізілімдер жүйесін қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қабылдаған жағдайдағы тізілімдер жүйесін қалыптастырған кезде, сондай-ақ тіркеуші соттың атқару парағын орындаған кезде.
      Осы тармақтың 1) тармақшасының ережелері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      «17-1. Осы Ереженің 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген орталық депозитарийдің бұйрығы осы Ереженің 17-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтиды.»;
      19-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғалар;»;
      32-тармақта «15-тармағына» деген цифр мен сөз «15-тармақтың 2) тармақшасына» деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
      «32-1. Тіркелген тұлға тіркеушіге:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін);
      2) осы Ереженің 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (заңды тұлғалар үшін) ұсынғанға дейін осы Ереженің 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шот бойынша, тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі операцияларды қоспағанда, осы Ереженің 26-тармағының 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар жүргізілмейді.»;
      4142-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Акциялар шығарылымының күшін жойған кезде тіркеуші уәкілетті органның акциялар шығарылымының күшін жою туралы хабарламасын алғаннан кейін акцияларды, олардың ұстаушыларының жеке шоттарынан және эмитенттің жеке шоттарынан бір мезгілде есептен шығару жөніндегі операцияларды жүргізеді.
      Заңды тұлғаның таратылуына не қайта ұйымдастырылуына байланысты жарияланған акциялар шығарылымының күші жойылған жағдайда тізілімдер жүйесін жүргізу тіркеуші мен эмитенттің арасында жасалған шарттың бұзылуын растайтын құжаттың негізінде тоқтатылады.
      42. Облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу кезінде тіркеуші облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды), оларды ұстаушылардың шоттарынан есептен шығару және эмитенттің (оригинатордың), оның облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындағанын растайтын хабарламасының негізінде сатып алынған бағалы қағаздардың есебін жүргізу жөніндегі шотына есепке алу операциясын жүргізеді.»;
      Ереженің 1-қосымшасының үшінші кестесінде «жүк ауыртпалығында болып табушылар» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«

пайдасына
ауыртпалық салу
жүзеге
асырылған
тұлғаны көрсете
отырып,
ауыртпалық
салынғандар

пайдасына
оқшаулау жүзеге
асырылған
тұлғаны көрсете
отырып,
оқшауланған
бағалы қағаздар

                                 »;
      Ереженің 2-қосымшасының үшінші кестесінің «жүк ауыртпалығындағылар немесе оқшауланғандар» деген бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«

пайдасына ауыртпалық
салу жүзеге асырылған
тұлғаны көрсете
отырып, ауыртпалық
салынғандар, (немесе) оқшауланғандар

                        »;
      Ереженің 4-қосымшасының екінші кестесінің «жүк ауыртпалығындағылар және (немесе) оқшауланғандар» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«

пайдасына ауыртпалық
салу жүзеге асырылған
тұлғаны көрсете
отырып, ауыртпалық
салынғандар, (немесе)
оқшауланғандар

                        ».
      2. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, орталық депозитарийге және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін

      Төрайым                                            Е. Бахмутова