Об утверждении Инструкции по определению потребности в средствах защиты в интересах Гражданской обороны

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 декабря 2009 года № 313. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 января 2010 года № 6022. Утратил силу приказом Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 мая 2014 года № 260

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по чрезвычайным ситуациям РК от 29.05.2014 № 260 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 3.

      В соответствии со статьей 19 Закона Республики Казахстан от 7 мая 1997 года "О Гражданской обороне" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по определению потребности в средствах защиты в интересах Гражданской обороны.
      2. Департаменту Гражданской обороны Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий Приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    В. Божко

Утверждена       
приказом Министра    
по чрезвычайным ситуациям 
Республики Казахстан  
от 29 декабря 2009 года № 313

Инструкция
по определению потребности в средствах защиты
в интересах Гражданской обороны

      1. Настоящая Инструкция по определению потребности в средствах защиты в интересах Гражданской обороны (далее - Инструкция) разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 мая 1997 года "О Гражданской обороне" и определяет потребность в накоплении средств защиты для обеспечения населения Республики Казахстан.
      2. Накопление средств защиты в запасах осуществляется для обеспечения защиты населения в мирное и военное время:
      для населения, проживающего и работающего, на территориях в границах зон возможного химического загрязнения (заражения) - противогазы из расчета на 100 % от их общей численности, из них для детей - камеры защитные или противогазы детские - 35 %;
      для населения, проживающего и работающего, на территориях в границах зон возможного радиационного и биологического загрязнения (заражения) - противогазы или респираторы из расчета на 100 % от их общей численности, из них для детей - камеры защитные или противогазы детские - 35 %.
      3. Требуемое количество запасов противогазов (респираторов) увеличивается на 5 % от потребности для обеспечения подгонки и замены неисправных противогазов.
      4. Для обеспечения защиты категорий населения, указанных в пункте 2 настоящей инструкции, также осуществляется накопление в запасах:
      медицинских средств индивидуальной защиты в военное время из расчета на 100 % от их общей численности;
      дополнительных патронов к противогазам для защиты от сильнодействующих ядовитых веществ из расчета на 40 % от их общей численности.
      5. При расчетах потребного количества средств защиты учитывать, что при наложении двух и более площадей химического, радиационного или биологического заражения друг на друга, за расчетную брать максимальную площадь заражения.
      6. Гарантийный срок хранения средств защиты устанавливается организацией изготовителем.
      7. Предельный срок хранения средств индивидуальной защиты для фильтрующих противогазов (гражданских, детских) типов ГП-5, ГП-7, ПДФ-Д(Ш) и ПДФ-2Д(Ш), камер защитных детских типа КЗД-4 (КЗД-6), дополнительных патронов типа ДПГ-3 составляет 25 лет.
      8. Сроки проведения лабораторных испытаний по истечению гарантийного срока хранения: первый раз - за шесть месяцев до истечения гарантийного срока хранения; второй раз через пять лет после истечения гарантийного срока хранения и далее один раз в три года по пять противогазов, дополнительных патронов и 2 камеры защитные детские, отбираемых от заводской партии.
      9. Средства защиты, находящиеся в запасах, подлежат освежению по истечении предельного срока хранения, а также при выявлении отклонений от нормативных показателей, установленных государственными стандартами или техническими условиями.

Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 313 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 27 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6022 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 260 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.05.2014 № 260 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр                                             В. Божко

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 313 бұйрығымен бекітілген

Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулық

      1. Осы Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының халқын қамтамасыз ету үшін жеке қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындайды.
      2. Соғыс уақытында халықтың қорғауын қамтамасыз ету үшін қорларда жеке қорғану құралдарын жинақтау:
      химиялық ластануы (жұқтыруы) ықтимал аймақтары шекараларының аумақтарында мекендейтін халық және жұмыскерлер үшін - газ тұмшалар, олардың жалпы санынан 100% есептеумен, оның ішінде балалар үшін - балалық қорғану бөлмелері немесе балалық газ тұмшалар - 35%;
      радиациялық және биологиялық ластануы (жұқтыруы) ықтимал аймақтары шекараларының аумақтарында мекендейтін халық және жұмыскерлер үшін - газ тұмшалар мен тұмылдырықтар, олардың жалпы санынан 100% есептеумен, оның ішінде балалар үшін - балалық қорғану бөлмелері немесе балалық газ тұмшалар - 35%.
      3. Ақаулы газ тұмшалардың тықсыруы мен ауыстыруын қамтамасыз ету үшін газ тұмшалар (тұмылдырықтар) қорларының талап етілетін саны қажеттіліктен 5%-ға арттырылады.
      4. 2-тармақта көрсетілген халықтың санатын қорғауды қамтамасыз ету үшін қорларда:
      соғыс уақытында медициналық жеке қорғану құралдарын, олардың жалпы санынан 100% есептеумен;
      соғыс уақытында қатты әсер ететін улы заттардан қорғану үшін газ тұмшаларға қосымша патрондар, олардың жалпы санынан 40% есептеумен жинақтау жүзеге асырылады.
      5. Жеке қорғану құралдарының қажетті санын есептеу кезінде екі және көбірек химиялық, радиациялық немесе биологиялық жұқтыру аудандарын бір-біріне қондыру кезінде есептеуге барынша жұқтырған ауданды ескеру қажет.
      6. Қорғану құралдарының кепілді сақтау мерзімін әзірлеуші ұйым орнатады.
      7. ГП-5, ГП-7, ПДФ-Д (Ш) және ПДФ-2Д (Ш) үлгісіндегі (азаматтық, балалық) сүзгіш газ тұмшалар, КЗД-4 (КЗД-6) үлгісіндегі балалық қорғану бөлмелері, ДПГ-3 үлгісіндегі қосымша патрондар үшін шекті сақтау мерзімі – 25 жылды құрайды.
      8. Кепілді сақтау мерзімі өткеннен кейін зертханалық сынақтарды өткізу мерзімдері: бірінші рет - кепілді сақтау мерзімі өткеніне дейін алты ай бұрын; екінші рет - кепілді сақтау мерзімі өткеннен кейін бес жылдан соң және бұдан әрі үш жылда бір рет зауыттық партиядан таңдап алынатын бес газ тұмша, қосымша патрон және екі балалық бөлме.
      9. Қорларда жатқан қорғану құралдардың сақталу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ мемлекеттік стандарттармен немесе техникалық шарттармен белгіленген нормативтік көрсеткіштерден ауытқуы анықталғаннан, жаңартуға жатады.