О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 22 декабря 2008 года № С-11/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг и услуг связи в Енбекшильдерском районе"

Решение Енбекшильдерского районного маслихата Акмолинской области от 20 июля 2009 года № С-17/5. Зарегистрировано Управлением юстиции Енбекшильдерского района Акмолинской области 17 августа 2009 года № 1-10-92. Утратило силу решением Енбекшильдерского районного маслихата Акмолинской области от 26 апреля 2013 года № С-15/6

      Сноска. Утратило силу решением Енбекшильдерского районного маслихата Акмолинской области от 26.04.2013 № С-15/6 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      На основании пункта 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», постановления Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам», Енбекшильдерский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение районного маслихата «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг и услуг связи в Енбекшильдерском районе» от 22 декабря 2008 года № С-11/6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1-10-81, опубликовано 13 февраля 2009 года в газете «Жаңа Дәуір» и 14 февраля 2009 года в газете «Сельская новь») следующие изменения и дополнения:
      1) в заголовке решения после слов «и услуг» дополнить словами «телефонной абонентской»;
      2) в Правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг и услуг связи в Енбекшильдерском районе, утвержденных указанным решением:
      в заголовке на государственном языке перед словом «Аз» дополнить словами «Еңбекшілдер ауданында»;
      в заголовке после слов «и услуг» дополнить словами «телефонной абонентской»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «Настоящие Правила разработаны на основании пункта 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», постановления Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам» и определяют порядок предоставления жилищной помощи»;
      в пункте 4 на государственном языке слово «қалада» заменить словами «жергілікті жерде»;
      в пункте 6 на государственном языке после слова «төлеуге» дополнить словом «отбасының», слово «белгіленді» заменить словом «белгіленеді»;
      в пункте 8 на государственном языке после слова «канализация» дополнить словами «электрмен жабдықтау»;
      в пункте 19 на государственном языке слово «жоңары» заменить на слово «жоғары»;
      главу 4 изложить в новой редакции следующего содержания:
«4. Порядок предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в домостроениях с местным отоплением
      21. Жилищная помощь малообеспеченным семьям, проживающим в домостроениях с местным отоплением, предоставляется собственникам жилого дома, нанимателям при наличии договора-аренды жилья.
      22. Для расчета жилищной помощи семьям, проживающим в домостроениях с местным отоплением, учитывать расход топлива на 1 метр квадратный в размере 49,85 килограмма, согласно социальной нормы жилья, но не более 5 (пяти) тонн угля на семью в год.
      23. Для расчета стоимости топлива за основу брать средние цены по району, предоставляемые районным отделом статистики и информации по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи (март, июнь, сентябрь, декабрь).
      24. Норму расхода и стоимость другого вида топлива, используемого для местного отопления домостроения, при расчете жилищной помощи считать эквивалентной норме расхода и стоимости угля.
      25. В связи с сезонностью закупки угля, всю социальную норму расхода на жилой дом (стоимость угля) при начислении жилищной помощи учитывать за три месяца в квартал обращения.
      26. При начислении жилищной помощи средний доход семьи, проживающей в домостроении, рассчитывать за квартал, предшествующий кварталу обращения.
      27. Расходы по электроснабжению, газоснабжению, водоснабжению, мусороудалению берутся в расчет по квитанциям, средние за квартал, предшествующий кварталу обращения.
      28. При исчислении совокупного дохода семьи учитываются все виды доходов, кроме жилищной, государственной адресной социальной помощи, государственного детского пособия семьям, имеющим детей до 18 лет, единовременных выплат на погребение умерших и при рождении ребенка, фактически полученных за квартал, предшествовавший кварталу обращения за жилищной помощью»;
      в главе 5 пункты 23, 24 считать соответственно пунктами 29, 30;
      в пункте 30 слова «поставщикам коммунальных услуг» исключить.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социально-экономического развития, бюджета и финансов, законности и правопорядка.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в управлении юстиции Енбекшильдерского района и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        И. Усанин

      Секретарь районного
      маслихата                                  М. Исажанов

      СОГЛАСОВАНО:

      Аким Енбекшильдерского района
      Акмолинской области                        Т. Хамитов

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел занятости и
      социальных программ»
      Енбекшильдерского района
      Акмолинской области                        Т. Абуова

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел финансов»
      Енбекшильдеркого района
      Акмолинской области                        А. Бекенова

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел экономики и
      бюджетного планирования»
      Енбекшильдерского района
      Акмолинской области                        Р. Нургалиев

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерімен пайдалану үшін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы" № С-11/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 шілдедегі № С-17/5 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда № 1-10-92 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № С-15/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 26.04.2013 № С-15/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысының негізінде, Eңбекшілер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы «Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерімен пайдалану үшін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы» № С-11/6 шешіміне (2009 жылғы 13 ақпанда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде, 2009 жылғы 14 ақпанда аудандық «Сельская новь» газетінде жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-81 тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің атауындағы «және» сөзінен кейін «абоненттік телефон» сөздерімен толықтырылсын;
      2) көрсетілген шешіммен бекітілген аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерімен пайдалану үшін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережесінде:
      атаудағы мемлекеттік тілдегі «Аз» сөзінің алды «Еңбекшілдер ауданында» сөздерімен толықтырылсын;
      атаудағы «және» сөзінен кейін «абоненттік телефон» сөздерімен толықтырылсын;
      1 тармақ келесідей редакцияда баяндалсын:
      «Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысының негізінде дайындалды және тұрғын үй көмегін берудің тәртібін анықтайды»;
      мемлекеттік тілдегі 4 тармақтағы «қалада» сөзі «жергілікті жерде» сөздерімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тілдегі 6 тармақтағы «төлеуге» сөзінен кейін «отбасының» сөзімен толықтырылсын, «белгіленді» сөзі «белгіленеді» сөзімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тілдегі 8 тармақтағы «канализация» сөзінен кейін «электрмен жабдықтау» сөздерімен толықтырылсын;
      мемлекеттік тілдегі Ереженің 19 тармақтағы «жоңары» сөзі «жоғары» сөзімен ауыстырылсын;
      4 тарау келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «4. Жергілікті жылу берілетін үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі
      21. Жергілікті жылу берілетін үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің иесіне, жалға алушыларға тұрғын үйді жалға алғандығы туралы жалға алу шарты болған кезде беріледі.
      22. Жергілікті жылу берілетін үйлерде тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу үшін, әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес көмір шығыны 1 шаршы метрге 49,85 килограмм мөлшерінде есепке алынады, бірақ жылына бір отбасына 5 (бес) тоннадан аспауы керек.
      23. Отынның құнын есептеу үшін, тұрғын үй көмегі есептелетін тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айында аудандық статистика және ақпарат бөлімі ұсынған аудан бойынша орташа бағасы негізге алынсын (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
      24. Жергілікті жылу берілетін үйлерде пайдаланылатын отынның басқа түрлерінің құны мен шығын нормаларын, тұрғын үй көмегін есептеу кезінде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеу керек.
       25. Көмірді сатып алу маусымдыққа байланысты, тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын есептегенде (көмірдің бағасы), тұрғын үй көмегіне өтініш берілген тоқсанның үш айы есепке алынады.
      26. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде үйде тұратын отбасының орташа табысы, өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанның көлемдігіне сай есептеледі.
      27. Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар, өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша есептеледі.
      28. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, тұрғын үй, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, қайтыс болған адамды жерлеуге және бала тууына байланысты берілетін біржолғы төлемдерден басқа, тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған нақтылы табыстың барлық түрлері есептеледі»;
      5 тараудың 23, 24 тармақтары сәйкесінше 29, 30 деп есептелсін;
      30 тармақтағы «коммуналдық қызмет көрсететін жеткізушілерге» сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық маслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       И. Усанин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Исажанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының
      әкімі                                      Т. Хамитов

      «Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының
      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т. Әбуова

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының
      «Қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А. Бекенова

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының
      «Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Р. Нұрғалиев