Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № С-15/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 мамырда № 3751 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № С-34/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 11.12.2014 № С-34/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С-11/6 «Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-10-81 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпанда «Жаңа дәуір» газетінде және 2009 жылғы 14 ақпанда «Сельская Новь» газетінде жарияланған), 2009 жылғы 20 шілдедегі № С-17/5 «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы «Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерімен пайдалану үшін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы» № С-11/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-10-92 тіркелген, 2009 жылғы 21 тамызда «Жаңа дәуір» газетінде және 2009 жылғы 22 тамызда «Сельская Новь» газетінде жарияланған), 2010 жылғы 2 шілдедегі № С-24/4 «Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С-11/6 «Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық қызметтер мен телефондық абоненттік байланыс қызметтерін пайдалану үшін төлеуге, тұрғын үй көмегін беру ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-10-122 тіркелген, 2010 жылғы 20 тамызда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2010 жылғы 21 тамызда «Сельская Новь» газетінде жарияланған), 2012 жылғы 26 сәуірдегі № С-4/4 «Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С-11/6 «Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық қызметтер мен телефондық абоненттік байланыс қызметтерін пайдалану үшін төлеуге, тұрғын үй көмегін беру ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-10-163 тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымда «Жаңа дәуір» газетінде және 2012 жылғы 9 маусымда «Сельская Новь» газетінде жарияланған), 2013 жылғы 9 қаңтардағы № С- 12/4 «Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С-11/6 «Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3626 тіркелген, 2013 жылғы 1 ақпанда «Жаңа дәуір» газетінде және 2013 жылғы 2 ақпанда «Сельская Новь» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      4. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ө.Жомартов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    С.Есполов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының әкімі                А.Садуақасұлы

Еңбекшілдер аудандық     
мәслихатының 2013 жылғы   
26 сәуірдегі № С–14/5 шешімімен
бекітілген         

Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес әзірленді және Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге көрсетіледі.
      2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
      Пешпен жылытылатын жеке меншік үйде тұратындарға тұрғын үй көмегі жылына бір рет көрсетіледі, осының өзінде қатты отынның нормасы бір рет есептеледі. Қатты отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,85 килограмм мөлшерінде есепке алынады, алайда отбасына жылына бес тоннадан аспауы керек.
      Қатты отынның құнын есептеу үшін статистикалық деректерге сәйкес алдыңғы тоқсан бойынша қалыптасқан орташа баға есепке алынады.
      4. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 50 (елу) киловаттан белгіленсін.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      6. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес, ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, бұл жағдайда отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      7. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде, Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      8. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) келесі құжаттары қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен -жайының анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі);
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есеп-шоттар;
      6) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек - шот;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек - шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқару орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      9. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешімді Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі жағдайда шығарады:
      1) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілген отбасының осы мақсаттарға белгілеген 15 пайыз шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;
      2) жалған мәліметтер берілсе.
      10. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
      12. Ұсынылған ақпараттың растығында күдік туындаған жағдайда, Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоғары немесе заңсыз үй көмегінің тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда, сот арқылы қайтарылады.
      13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе пошта байланыс бөлімшелері арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      14. Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде есептейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады