Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 26.04.2013 № С-15/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012.04.26 № С-4/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулыларының негізінде аудандық мәлихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2010.07.02 № С-24/4 (қолданысқа енгізу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. Қоса беріліп отырған Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық және абоненттік телефон байланыс қызметтермен пайдалану үшін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережесі бекітілсі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік экономикалық даму, бюджет пен қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілді.
Аудандық мәлихат
сессиясының төрайымы З.Құсайынова
Аудандық мәслихаттың
хатшысы М.Исажанов
КЕЛІСІЛДІ
Аудан әкімі Т.Хамитов
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Т.Әбуова
Қаржы бөлімінің бастығы А.Бекенов
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы Б.Бейсенова
Еңбекшілдер аудандық
маслихатының 2008 жылғы
22 желтоқсандағы № С-11/6
шешімімен бекітілді
Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын
аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін беру ережесі
Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012.04.26 № С-4/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысының негізінде дайындалды және тұрғын үй көмегін берудің тәртібін анықтайды
2. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен Енбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) шығындардың орнын толтыру үшін төлеу бойынша:
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар қосымша жалдаушылар болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған шығыстар;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметін тұтыну;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін;
жекешелендірілген үй-жайларда пәтерлерде, жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге көмек көрсетіледі;
аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынға және нысаналы жарналардың мөлшерін айкындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 09.01.2013 № С-12/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр, алайда бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз болмауға тиісті.
4. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрақты тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушы (жалдаушы) болып саналатын тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
5. Тұрғын үй көмегі тұрғын жайларын ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қалалық телекоммуникацияға қосылған телефонға абоненттік ақының көтерілу бөлігі бойынша байланыс қызметтеріне шығуға тиісті шығын үлесінің шегінен дәлелді шығатын шығын жоғары болған кезде тағайындалады.
6. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге отбасының жиынтық табысының 15% (пайыз) мөлшері белгіленеді.
Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 09.01.2013 № С-12/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
7. Осы Ереженің 2 тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бартұлғалар мен отбасылар Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кондоминиумның жалпы мүлкісінің күрделі жөндеуге шыққан шығынына жәрдемақы алуға құқығы бар.
8. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау жылумен жабдықтау, қоқыс шығару) нақты пайдаланылған қызметтердің шығынына қарап белгіленеді, бірақ ҚНмЕ (құрылыс нормалары мен ережелері) есеп айырысуына сәйкес шекті көлем шамасынан асырылмайды.
9. Егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері мен тарифтері заңнамалық тәртіппен белгіленбеген жағдайда шығынның орнын толтыру нақты шыққан шығын бойынша төленеді, алайда ол коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен жоғары болмауы керек. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеулерге қосылатын шығындар өткен тоқсандағы немесе соңғы тоқсандағы қызметтер толық көлемде көрсетілген есептеу құралдарының негізінде белгіленеді, алайда ол коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс. Сәуір айында есепке қабылданатын шығындар сәуір айы үшін ұсынылған түбіртектерге сәйкес дәлелді шығындар бойынша алынады.
10. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерінің тарифтерін және оларға өзгертулерді қызмет көрсетушілер ұсынады.
2. Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі
11. Меншігінде бір бірліктен көп тұрғын үйі (пәтерлері, үйлері) немесе тұрғын үйін жалға беретін тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
12. Еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында емес және «Еңбекшілдер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасылардың 1, 2 топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтуді жүзеге асыратын немесе 3 жасқа дейінгі балалардың тәрбиесімен айналысатындардан басқалары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ. Мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамына есептелмейді.
13. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген күннен бастап 3 ай мерзіміне тағайындалады.
14. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек - шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 09.01.2013 № С-12/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15. Кондоминиумның жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу шығынына жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғалар мен отбасылар осы Ереженің 16 тармағында көрсетілген құжаттарды қосымша ұсынады:
1) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жиналған мақсатты төлемдердің төленгендігі туралы түбіртек;
2) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін тұрғын үй иесінің, тұрғын үй иелерінің кооперативтері мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған шарттың көшірмесі;
3) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы тапсыру-қабылдап алу актісінің көшірмесі.
16. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша отбасының табысы және коммуналдық төлемдер енгізіліп, отбасына есептеулер жасалады. Есептеуге отбасының өкілі немесе отбасының атынан келген тұлға және құжаттарды қабылдауды жүзеге асырған тұлға қол қояды. Есептеулердің негізінде екі дана шарт жасалады, бір данасы тұрғын үйдің иесіне (жалға алушыға) беріледі. Аталған шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз болып табылады.
17. Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, пайдалану шығындары мен байланыс қызметтері бойынша шығындарға өтініш берілгеннің алдындағы тоқсандағы газ алғандығы жөніндегі анықтаманың, түбіртектердің орташа шығыны бойынша есептеулер жасалады. Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару бойынша шығындар коммуналдық қызметтерге толық ақы төлеу кезінде, есептеу құралдары бар болса, ақы төлеу дәлелі бойынша және қызмет көрсетушілердің коммуналдық қызметтерге қайта есептеулер жүргізген кездегі қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша алынады.
18. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегі кызметіне өзінің меншігіндегі тұрғын үй нысанында қандай да болмасын өзгерістері туралы, отбасы құрамы және оның жиынтық табысы, сонымен қатар мәртебесі туралы 10 күнтізбелік күн ішінде ақпарат беруге тиісті.
Ескерту. 18 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012.04.26 № С-4/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
19. Тұрғын үй көмегі көрсету қызметіне әдей жалған мәліметтер ұсынылған жағдайда ол тұрғын үй көмегінің жоғары немесе төмен тағайындалуына әсер етсе заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал ол бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
Ескерту. 19 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 09.01.2013 № С-12/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
20. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалға алушының) үйді ұстау төлем ақымен қамтамасыз етілетін норма шегіндегі коммуналдық қызметтерді тұтынуға және бұл отбасының осы мақсатағы шығуға тиісті шығын деңгейі шегінің арасындағы айырмашылығы есептеледі.
4. Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде
тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі
21. Жергілікті жылу берілетін үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің иесіне, жалға алушыларға тұрғын үйді жалға алғандығы туралы жалға алу шарты болған кезде беріледі.
22. Жергілікті жылу берілетін үйлерде тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу үшін, әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес көмір шығыны 1 шаршы метрге 49,85 килограмм мөлшерінде есепке алынады, бірақ жылына бір отбасына 5 (бес) тоннадан аспауы керек.
23. Отынның құнын есептеу үшін, тұрғын үй көмегі есептелетін тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айында аудандық статистика және ақпарат бөлімі ұсынған аудан бойынша орташа бағасы негізге алынсын (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
24. Жергілікті жылу берілетін үйлерде пайдаланылатын отынның басқа түрлерінің құны мен шығын нормаларын, тұрғын үй көмегін есептеу кезінде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеу керек.
25. Көмірді сатып алу маусымдыққа байланысты, тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын есептегенде (көмірдің бағасы), тұрғын үй көмегіне өтініш берілген тоқсанның үш айы есепке алынады.
26. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде үйде тұратын отбасының орташа табысы, өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанның көлемдігіне сай есептеледі.
27. Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар, өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша есептеледі.
28. Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.
Ескерту. 28 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012.04.26 № С-4/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
29. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу, телефон үшін өтем ақы азаматтарға тұрғын үйлерін күрделі жөндеу үшін әр түрлі меншік нысанындағы үйлерде тұратын тұлғаларға тұрғын үй көмегін төлемі жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.
30. Тұрғын үй көмегі үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес жүргізіледі, телефон үшін өтемақы және тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін өтем ақы, өтініш берушілердің екінші деңгейлі банктердегі есепшоттарына аударылады.