О внесении изменения в постановление акимата от 16 марта 2009 года № 52 "Об определении перечня целевых групп населения в Карасуском районе на 2009 год"

Постановление акимата Карасуского района Костанайской области от 27 июля 2009 года № 163. Зарегистрировано Управлением юстиции Карасуского района Костанайской области 7 сентября 2009 года № 9-13-93

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат Карасуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата "Об определении перечня целевых групп населения в Карасуском районе на 2009 год" от 16 марта 2009 года № 52 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером № 9-13-80, опубликовано 8 апреля 2009 года в газете "Қарасу өңірі", вносилось дополнение: постановлением акимата от 25 мая 2009 года № 131 "О внесении дополнения в постановление акимата от 16 марта 2009 года № 52 "Об определении перечня целевых групп населения в Карасуском районе на 2009 год", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером № 9-13-87, опубликовано 1 июля 2009 года в газете "Қарасу өңірі" № 26) следующее изменение:
      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                К. Ахметов

      СОГЛАСОВАНО:

      Исполняющий обязанности
      начальника государственного
      учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ
      Карасуского района"
      _______________ А. Ерменова
      27.07.2009 г.

Приложение              
к постановлению акимата 
от 27 июля 2009 года    
№ 163                   

Перечень
целевых групп населения на 2009 год

      1. Малообеспеченные;
      2. Молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3. Воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4. Одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5. Граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6. Лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7. Инвалиды;
      8. Лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9. Лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10 Оралманы;
      11. Выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12. Лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя-юридического лица либо прекращением деятельности работодателя-физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13. Мать, имеющая ребенка до пяти лет;
      14. Лица, старше пятидесяти лет;
      15. Безработные, завершившие профессиональное обучение по направлению уполномоченного органа;
      16. Длительно не работающие граждане (двенадцать и более месяцев);
      17. Молодежь в возрасте от двадцати одного года до двадцати девяти лет;
      18. Незанятая молодежь без опыта и стажа работы по полученной специальности.

"Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 163 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 қыркүйекте № 9-13-93 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       1. "Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекіту туралы" әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9-13-80 болып тіркелді, "Қарасу өңірі" газетінде 2009 жылғы 8 сәуірде жарияланды, мынадай толықтыру енгізілді: "Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына толықтыру енгізу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 131 қаулысы, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9-13-87 болып тіркелді, "Қарасу өңірі" газетінде 2009 жылғы 1 шілдеде № 26 болып жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша жаңа редакцияда осы қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын.
      2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімi                                Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасу ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушысы
      ________________ А. Ерменова
      2009.07.27 ж.

Әкімдіктің         
2009 жылғы 27 шілдедегі  
№ 163 қаулысына қосымша  

2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының
ТІЗБЕСІ

      1. Табысы аз адамдар;
      2. Жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда);
      7. Мүгедектер;
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10. Оралмандар;
      11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері;
      12. Жұмыс берушінің-заңды тұлғаның жойылуына не жұмыс беруші-заңды тұлға қызметінің тоқталуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартуына байланысты босатылған адамдар;
      13. Бес жасқа дейінгі баласы бар ана;
      14. Елу жастан үлкен адамдар;
      15. Уәкілетті органының бағдары бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар;
      16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (он екі және одан астам ай);
      17. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар;
      18. Алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі және өтілі жоқ жұмыссыз жастар.