"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы" Қарасу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі № 9-13-80, "Қарасу өңірі" 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 14) мынадай толықтыру енгізілсін:
қосымша мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
"17. Алған мамандық бойынша жұмыс өтілі және тәжірибесі жоқ жұмыстан бос жастар.".
2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімi Қ. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
______________________ А. Ерменова