"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекіту туралы" әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9-13-80 болып тіркелді, "Қарасу өңірі" газетінде 2009 жылғы 8 сәуірде жарияланды, мынадай толықтыру енгізілді: "Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына толықтыру енгізу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 131 қаулысы, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9-13-87 болып тіркелді, "Қарасу өңірі" газетінде 2009 жылғы 1 шілдеде № 26 болып жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша жаңа редакцияда осы қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімi Қ. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушысы
________________ А. Ерменова
2009.07.27 ж.
Әкімдіктің
2009 жылғы 27 шілдедегі
№ 163 қаулысына қосымша
2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының
ТІЗБЕСІ
1. Табысы аз адамдар;
2. Жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда);
7. Мүгедектер;
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10. Оралмандар;
11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері;
12. Жұмыс берушінің-заңды тұлғаның жойылуына не жұмыс беруші-заңды тұлға қызметінің тоқталуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартуына байланысты босатылған адамдар;
13. Бес жасқа дейінгі баласы бар ана;
14. Елу жастан үлкен адамдар;
15. Уәкілетті органының бағдары бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар;
16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (он екі және одан астам ай);
17. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар;
18. Алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі және өтілі жоқ жұмыссыз жастар.