О внесении изменений в решение городского маслихата от 19 января 2004 года N 4/33-3с "О ставках земельного налога"

Решение Шымкентского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 20 февраля 2009 года N 18/185-4с. Зарегистрировано управлением юстиции города Шымкента Южно-Казахстанской области 24 марта 2009 года N 14-1-91. Утратило силу решением Шымкентского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 24 февраля 2012 года N 2/11-5с

      Сноска. Утратило силу решением Шымкентского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 24.02.2012 N 2/11-5с.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 387 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" городской маслихат РЕШИЛ :
      1. Внести в решение городского маслихата "О ставках земельного налога" от 19 января 2004 года N 4/33-3с (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1099, опубликовано 20 февраля 2004 года в газетах "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента") следующие изменения:
      1) заголовок решения изложить в следующей редакции:
      "О корректировке базовых ставок земельного налога";
      2) преамбулу решения изложить в следующей редакции:
      "В соответствии с пунктом 1 статьи 387 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" городской маслихат РЕШИЛ:".
      3) в пункте 1 слова "определенные статьями 329, 330, 332, 334 Налогового Кодекса" заменить словами "установленные статьями 378, 379, 381, 383 Налогового кодекса, за исключением земель, выделенных (отведенных) под автостоянки, автозаправочные станции и занятых под казино";
      4) пункт 2 исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата                       Л. Бектуров

      Секретарь городского маслихата             Н. Джарболов

Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 4/33-3с "Жер салығының ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 18/185-4с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 наурызда N 14-1-91 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы N 2/11-5с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012.02.24 N 2/11-5с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Жер салығының ставкалары туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 4/33-3с шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1099 тіркелген, 2004 жылдың 20 ақпанда "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы";
      2) шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      3) 1 тармақтағы "Салық Кодексінің 329, 330, 332, 334-баптарында белгіленген" сөздері "Салық Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарында белгіленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда," сөздерімен ауыстырылсын;
      4) 2 тармақ алып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Л. Бектұров

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Н. Джарболов