Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 4/33-3с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2004 жылғы 10 ақпанда N 1099 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы N 2/11-5с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012.02.24 N 2/11-5с Шешімімен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.02.20 N 18/185-4c (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.02.20 N 18/185-4c (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Шымкент қаласы бойынша жерлерді өңірлерге бөлу схемасы негізінде "Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында" жер салығының базалық ставкалары мынадай шекпен жоғарылатылсын.
      I, II, III, IV бағаланған өңірлер - 50 процентке;
      V бағаланған өңір - 40 процентке.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.02.20 N 18/185-4c; 2010.12.23 N 43/380-4c (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін және ресми жариялануға жатады) Шешімдерімен.
      2. 2-тармақ алып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.02.20 N 18/185-4c (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б.Әжіметов
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ.Халметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады