Об утверждении Инструкции по назначению и выплате социальной помощи

Постановление акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 11 марта 2009 года N 252. Зарегистрировано Управлением юстиции Зыряновского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 2 апреля 2009 года за N 5-12-78. Утратило силу - постановлением акимата Зыряновского района от 26 июня 2012 года N 1260

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Зыряновского района от 26.06.2012 N 1260.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии  со статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним », подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», в целях социальной защиты граждан акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по назначению и выплате социальной помощи согласно приложению 1.
      2. Создать комиссию по назначению и выплате социальной помощи.
      3. Отделу занятости и социальных программ (Оспанова Р.З.) внести персональный состав комиссии по назначению и выплате социальной помощи для утверждения на сессии маслихата района согласно приложению 2.
      4. Признать утратившими силу распоряжения акима города Зыряновска от 31 января 2000 года № 1-32р «О создании рабочей группы по борьбе с бедностью и безработицей», от 4 декабря 2000 года № 1-585р «О внесении изменений в распоряжение акима города Зыряновска № 1-32р от 31 января 2000 года «О создании рабочей группы по борьбе с бедностью и безработицей».
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его официального опубликования.
      6. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима Гейгер Э.Я.

      Аким Зыряновского района          В. Якупов

Приложение 1
к постановлению акимата
Зыряновского района
от 11 марта 2009 года № 252

Инструкция по назначению и выплате социальной помощи

 1. Общие положения

      1. Настоящая инструкция детализирует применение законодательства в области социальной защиты населения по вопросам назначения и выплаты социальной помощи постоянно проживающим на территории Зыряновского района гражданам Республики Казахстан, иностранцам, имеющим вид на жительство, лицам без гражданства.
      2. Оказание социальной помощи осуществляется путем предоставления:
      1) единовременной материальной помощи;
      2) материальной помощи гражданам, имеющим звание «Почетный гражданин города Зыряновска», «Почетный гражданин Зыряновского района-города Зыряновска», «Почетный гражданин Зыряновского района».
      3. Назначение и выплата социальной помощи осуществляется государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Зыряновского района» (далее - Отдел).
      4. Заявитель несет полную ответственность за достоверность предоставляемых сведений.
      5. Перечисление социальной помощи производится согласно экономической классификации расходов.
      6. Выплата социальной помощи осуществляется через отделения акционерного общества «Казпочта».

2. Единовременная материальная помощь

      7. Единовременная материальная помощь оказывается  социально-уязвимым слоям населения, пенсионерам, семьям, имеющим на иждивении несовершеннолетних детей, инвалидам, безработным, а также гражданам, чьи семьи находятся в тяжелых материальных условиях в результате стихийных бедствий, пожаров, несчастных случаев, тяжелых форм заболевания и других причин, а также на документирование малообеспеченным гражданам; на компенсацию расходов по проезду на обследование и лечение в областные больницы по направлениям медицинских учреждений района; на компенсацию расходов по проезду студентам, обучающимся по гранту акима области к месту учебы 2 раза в год.
      8. Единовременная материальная помощь оказывается при предоставлении следующих документов:
      заявления об оказании помощи;
      документа, удостоверяющего личность;
      регистрационного номера налогоплательщика;
      документа, подтверждающего прописку;
      других документов, подтверждающих, что гражданин нуждается в материальной помощи.
      Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники возвращаются заявителю.
      9. По каждому поступившему заявлению составляется социальная карта семьи с выездом по месту жительства обратившегося за помощью гражданина, в городе Зыряновске - специалистами Отдела, в других населенных пунктах района - специалистами города Серебрянска, сельских округов и поселков.
      10. В случае отсутствия обратившегося за помощью гражданина по указанному в заявлении адресу (более десяти дней) комиссия вправе принять решение о дополнительном рассмотрении заявления при повторном обращении.
      11. Единовременная материальная помощь может оказываться гражданам по представлениям общественных организаций, советов ветеранов войны и труда, а также к праздничным датам (9 мая,  Международному дню пожилого человека, Дню инвалидов, к Новому году и т.д.), без подтверждения дохода: участникам и инвалидам Великой Отечественной войны; лицам, приравненным к ним; пенсионерам; инвалидам; одиноким престарелым гражданам; детям с ограниченными возможностями.
      12. Размер выплачиваемой материальной помощи по каждому поступившему заявлению или представлению, а также к праздничным датам, определяется комиссией по назначению и выплате социальной  помощи.
      13. Единовременная материальная помощь может оказываться на  льготную подписку на издания периодической печати («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Дидар», «Рудный Алтай»): участникам и инвалидам войны; лицам, приравненным к ним; труженикам тыла; инвалидам по представлениям общественных организаций, советов ветеранов (производится два раза в год: на 1 и 2 полугодия на основании предоставленных списков).

3. Материальная помощь гражданам, имеющим звание «Почетный
гражданин города Зыряновска», «Почетный гражданин Зыряновского
района-города Зыряновска», «Почетный гражданин Зыряновского района».

      14. Материальная помощь гражданам, имеющим звание «Почетный гражданин города Зыряновска», «Почетный гражданин Зыряновского района-города Зыряновска», «Почетный гражданин Зыряновского района», оказывается один раз в год по спискам, предоставленным маслихатом Зыряновского района.
      15. Размер выплачиваемой материальной помощи почетным гражданам составляет 2 месячных расчетных показателя и назначается независимо от доходов семьи.

      Руководитель аппарата акима
      Зыряновского района                 Г. Дедова

Приложение 2
к постановлению акимата
Зыряновского района
от 11 марта 2009 года № 252

СОСТАВ
комиссии по назначению и выплате социальной помощи

      Председатель комиссии - Гейгер Элла Яковлевна, заместитель акима Зыряновского района;
      Секретарь комиссии – Оспанова Разиля Зайтановна- начальник ГУ «Отдел занятости и социальных программ Зыряновского района»;
      Члены комиссии:
      Бушкова Галина Ивановна, начальник ГУ «Отдел экономики и бюджетного планирования Зыряновского района»;
      Винивитин Сергей Семенович, начальник ГУ «Отдел образования Зыряновского района»;
      Голикова Любовь Юрьевна, главный специалист отдела лечебно-профилактической работы Управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области (по согласованию);
      Денисова Галина Владимировна, секретарь маслихата Зыряновского района (по согласованию);
      Тулякова Ольга Александровна, начальник ГУ «Отдел финансов Зыряновского района».

      Руководитель аппарата акима
      Зыряновского района                Г.Дедова

Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 252 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 сәуірде N 5-12-78 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 1260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2012.06.26 № 1260 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша ұсынылған Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша комиссия құрылсын.
      3. 2 қосымшаға сәйкес аудан мәслихатының сессиясында бекіту үшін  әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Р.З. Оспанова) комиссияның дербес құрамы енгізілсін.
      4. «Кедейлікке және жұмыссыздыққа қарсы күрес бойынша жұмыс тобын құру туралы» Зырян қаласы әкімінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы № 1-32ө, ««Кедейлікке және жұмыссыздыққа қарсы күрес бойынша жұмыс тобын құру туралы» Зырян қаласы әкімінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы № 1-32ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 1-585ө өкімдерінің күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап әрекетке енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкімнің орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.

      Зырян ауданының әкімі          В. Якупов

Зырян ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 11 наурыздағы № 252
қаулысына 1 қосымша

Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық халықты әлеуметтік қорғау саласында Зырян ауданы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, ықтияр хаты бар шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жүргізу мәселелері бойынша заңнаманы қолдануды нақтылайды.
      2. Әлеуметтік көмек көрсету:
      1) біржолғы материалдық көмек;
      2) «Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының-Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағына ие азаматтарға материалдық көмек беру жолымен жүзеге асырылады.
      3. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
      4. Өтініш иесі ұсынған мәліметтердің растығына толық жауапкершілікте.
      5. Әлеуметтік көмекті аудару шығындардың экономикалық топтамасына сәйкес жүргізіледі.
      6. Әлеуметтік көмек төлеу «Қазпочта» акционерлік қоғамы бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.

      2. Біржолғы материалдық көмек

      7. Біржолғы материалдық көмек аса мұқтаж аз қамтылған зейнеткерлерге, асырауында кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сонымен қатар отбасы табиғи апат, өрт, бақытсыз жағдай, аурудың ауыр түрлеріне шалдығу және басқа себептерден ауыр материалдық жағдайға душар болған азаматтарға, сонымен қатар аз қамтылған азаматтарға құжаттау; аудан медициналық мекемелердің жолдамалар бойынша облыстық ауруханаларда тексеруге және емделуге жол бойынша шығындар өтеміне; жылына екі рет оқу орнына, облыс әкімінің грант бойынша оқыған студенттердің жолы бойынша шығындар өтеміне жылына тек қана бір рет көрсетіледі.
      8. Біржолғы материалдық көмек:
      көмек көрсету туралы өтініш;
      жеке басын растайтын құжаты;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      тіркелімін растайтын құжаты;
      азамат материалдық көмекке мұқтаж екендігін растайтын басқа құжаттарды тапсырған кезде бөлінеді.
      Құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
      9. Әрбір келіп түскен өтініш бойынша, көмек сұрап өтініш жазған азаматтың тұрғылықты мекенжайына бару арқылы отбасының әлеуметтік картасы толтырылады, Зырян қ. – Бөлім мамандарымен, ауданның басқа қоныстанған пункттер – Серебрянск қ., ауыл округтерінің және кенттерінің мамандарымен.
      10. Көмек алуға өтініш жасаған азамат өтініште көрсеткен мекенжай бойынша жоқ болып шыққан жағдайда (он күннен артық) комиссия өтінішті жасағанда қосымша қарау туралы шешім қабылдауға құқылы.
      11. Біржолғы материалдық көмек қоғамдық ұйымдардың Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, сонымен қатар мерекелік күндерге (9 мамыр, Халық аралық қарт адамдар күніне, Мүгедек күніне, Жаңа жылға және т.б.) кірісін растаусыз: Ұлы отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, оларға теңелген тұлғаларға; мүгедектерге; жалғыз басты қарт азаматтарға; мүмкіндіктері шектеулі балаларға көрсетілуі мүмкін.
      12. Төленетін материалдық көмек мөлшері әрбір келіп түскен өтініш немесе ұсыным бойынша, сонымен қатар мерекелік күндерге, әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша комиссиямен анықталады.
      13. Біржолғы материалдық көмек, мерзімдік баспалардың облыстық басылымдарына («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Дидар», «Рудный Алтай») жеңілдікпен жазылу: соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне; оларға теңелген тұлғаларға; тыл еңбеккерлеріне;  қоғамдық ұйымдарын ұсыну бойынша мүгедектеріне, ардагерлер кеңесіне көрсетіледі (жылына екі рет: 1 және 2 жартыжылдықтарға ұсынылған тізімі негізінде жүргізіледі).

3. «Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының - Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға материалдық көмек

      14. «Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының - Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға материалдық көмек Зырян ауданының мәслихаты ұсынған тізім бойынша жылына бір рет көрсетіледі.
      15. Құрметті азаматтарға төленетін материалдық көмек мөлшері 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды және отбасының кірісінен тыс тағайындалады.

      Зырян ауданы әкім
      аппаратының басшысы               Г. Дедова

Зырян ауданы әкімдік
2009 жылғы 11 наурыздағы № 252
қаулысына 2 қосымша

Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Комиссияның төрағасы – Зырян ауданы әкімінің орынбасары, Гейгер Элла Яковлевна;
      Комиссияның хатшысы – «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы, Оспанова Разила Зайтановна;
      Комиссия мүшелері:
      «Зырян ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы, Бушкова Галина Ивановна;
      «Зырян ауданының білім беру бөлімі» ММ бастығы, Винивитин Сергей Семенович;
      Шығыс-Қазақстан облысы денсаулық сақтау Басқармасының емдеу – алдын-алу жұмыс бөлімінің бас маманы – Голикова Любовь Юрьевна (келісім бойынша);
      Зырян ауданының маслихат хатшысы, Денисова Галина Владимировна (келісім бойынша);
      «Зырян ауданының қаржы бөлімі» ММ бастығы, Тулякова Ольга Александровна;

      Зырян ауданы
      әкім аппаратының басшысы           Г. Дедова