Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2012.06.26 № 1260 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1 қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша ұсынылған Нұсқаулық бекітілсін.
2. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша комиссия құрылсын.
3. 2 қосымшаға сәйкес аудан мәслихатының сессиясында бекіту үшін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Р.З. Оспанова) комиссияның дербес құрамы енгізілсін.
4. «Кедейлікке және жұмыссыздыққа қарсы күрес бойынша жұмыс тобын құру туралы» Зырян қаласы әкімінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы № 1-32ө, ««Кедейлікке және жұмыссыздыққа қарсы күрес бойынша жұмыс тобын құру туралы» Зырян қаласы әкімінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы № 1-32ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 1-585ө өкімдерінің күші жойылған деп танылсын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап әрекетке енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкімнің орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.
Зырян ауданының әкімі В. Якупов
Зырян ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 11 наурыздағы № 252
қаулысына 1 қосымша
Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық халықты әлеуметтік қорғау саласында Зырян ауданы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, ықтияр хаты бар шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жүргізу мәселелері бойынша заңнаманы қолдануды нақтылайды.
2. Әлеуметтік көмек көрсету:
1) біржолғы материалдық көмек;
2) «Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының-Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағына ие азаматтарға материалдық көмек беру жолымен жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
4. Өтініш иесі ұсынған мәліметтердің растығына толық жауапкершілікте.
5. Әлеуметтік көмекті аудару шығындардың экономикалық топтамасына сәйкес жүргізіледі.
6. Әлеуметтік көмек төлеу «Қазпочта» акционерлік қоғамы бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.
2. Біржолғы материалдық көмек
7. Біржолғы материалдық көмек аса мұқтаж аз қамтылған зейнеткерлерге, асырауында кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сонымен қатар отбасы табиғи апат, өрт, бақытсыз жағдай, аурудың ауыр түрлеріне шалдығу және басқа себептерден ауыр материалдық жағдайға душар болған азаматтарға, сонымен қатар аз қамтылған азаматтарға құжаттау; аудан медициналық мекемелердің жолдамалар бойынша облыстық ауруханаларда тексеруге және емделуге жол бойынша шығындар өтеміне; жылына екі рет оқу орнына, облыс әкімінің грант бойынша оқыған студенттердің жолы бойынша шығындар өтеміне жылына тек қана бір рет көрсетіледі.
8. Біржолғы материалдық көмек:
көмек көрсету туралы өтініш;
жеке басын растайтын құжаты;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
тіркелімін растайтын құжаты;
азамат материалдық көмекке мұқтаж екендігін растайтын басқа құжаттарды тапсырған кезде бөлінеді.
Құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
9. Әрбір келіп түскен өтініш бойынша, көмек сұрап өтініш жазған азаматтың тұрғылықты мекенжайына бару арқылы отбасының әлеуметтік картасы толтырылады, Зырян қ. – Бөлім мамандарымен, ауданның басқа қоныстанған пункттер – Серебрянск қ., ауыл округтерінің және кенттерінің мамандарымен.
10. Көмек алуға өтініш жасаған азамат өтініште көрсеткен мекенжай бойынша жоқ болып шыққан жағдайда (он күннен артық) комиссия өтінішті жасағанда қосымша қарау туралы шешім қабылдауға құқылы.
11. Біржолғы материалдық көмек қоғамдық ұйымдардың Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, сонымен қатар мерекелік күндерге (9 мамыр, Халық аралық қарт адамдар күніне, Мүгедек күніне, Жаңа жылға және т.б.) кірісін растаусыз: Ұлы отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, оларға теңелген тұлғаларға; мүгедектерге; жалғыз басты қарт азаматтарға; мүмкіндіктері шектеулі балаларға көрсетілуі мүмкін.
12. Төленетін материалдық көмек мөлшері әрбір келіп түскен өтініш немесе ұсыным бойынша, сонымен қатар мерекелік күндерге, әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша комиссиямен анықталады.
13. Біржолғы материалдық көмек, мерзімдік баспалардың облыстық басылымдарына («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Дидар», «Рудный Алтай») жеңілдікпен жазылу: соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне; оларға теңелген тұлғаларға; тыл еңбеккерлеріне; қоғамдық ұйымдарын ұсыну бойынша мүгедектеріне, ардагерлер кеңесіне көрсетіледі (жылына екі рет: 1 және 2 жартыжылдықтарға ұсынылған тізімі негізінде жүргізіледі).
3. «Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының - Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға материалдық көмек
14. «Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының - Зырян қаласының құрметті азаматы», «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға материалдық көмек Зырян ауданының мәслихаты ұсынған тізім бойынша жылына бір рет көрсетіледі.
15. Құрметті азаматтарға төленетін материалдық көмек мөлшері 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды және отбасының кірісінен тыс тағайындалады.
Зырян ауданы әкім
аппаратының басшысы Г. Дедова
Зырян ауданы әкімдік
2009 жылғы 11 наурыздағы № 252
қаулысына 2 қосымша
Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша комиссияның
ҚҰРАМЫ
Комиссияның төрағасы – Зырян ауданы әкімінің орынбасары, Гейгер Элла Яковлевна;
Комиссияның хатшысы – «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы, Оспанова Разила Зайтановна;
Комиссия мүшелері:
«Зырян ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы, Бушкова Галина Ивановна;
«Зырян ауданының білім беру бөлімі» ММ бастығы, Винивитин Сергей Семенович;
Шығыс-Қазақстан облысы денсаулық сақтау Басқармасының емдеу – алдын-алу жұмыс бөлімінің бас маманы – Голикова Любовь Юрьевна (келісім бойынша);
Зырян ауданының маслихат хатшысы, Денисова Галина Владимировна (келісім бойынша);
«Зырян ауданының қаржы бөлімі» ММ бастығы, Тулякова Ольга Александровна;
Зырян ауданы
әкім аппаратының басшысы Г. Дедова