Об утверждении Правил назначения участковых инспекторов полиции с учетом мнения населения административного участка

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 538. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 9 февраля 2011 года № 6770. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 июля 2014 года № 438

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 17.07.2014 № 438 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 5.

      В целях повышения эффективности работы участковых инспекторов полиции, а также укрепления взаимодействия с населением ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила назначения участковых инспекторов полиции с учетом мнения населения административного участка (далее - Правила).
      2. Начальникам департаментов внутренних дел областей и городов Астаны, Алматы обеспечить соблюдение Правил при назначении на должности участковых инспекторов полиции.
      3. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Лепеха И.В.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел генерал-майора полиции Кулинича А.В., Комитет административной полиции (Лепеха И.В.) и Департамент кадровой работы (Жансеитов А.А.) Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    С. Баймаганбетов

Утверждены           
приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан     
от 31 декабря 2010 года № 538 

Правила
назначения участковых инспекторов полиции с учетом мнения
населения административного участка

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют условия и порядок назначения на должности участковых инспекторов полиции органов внутренних дел с учетом гласного обсуждения кандидатуры с населением административного участка.
      2. Целью введения процедуры назначения на должность участкового инспектора полиции органа внутренних дел с учетом мнения населения административного участка является:
      построение и развитие партнерских отношений между полицией и населением в процессе разработки и реализации мер по обеспечению общественной безопасности;
      повышение ответственности участковых инспекторов полиции перед гражданами;
      рост доверия населения к деятельности органов внутренних дел.
      3. Решение собрания (схода) местного сообщества, из числа лиц достигших совершеннолетия, постоянно проживающих и зарегистрированных по месту жительства на территории административного участка, является основанием для занятия вакантной должности участкового инспектора полиции, либо отказа в назначении на должность.
      4. Основные критерии:
      1) соответствие статье 15 Закона Республики Казахстан "Об органах внутренних дел Республики Казахстан";
      2) положительная характеристика;
      3) рекомендации коллег и руководства (не менее двух).

2. Порядок назначения участковых инспекторов полиции

      5. Городским, районным органом внутренних дел (далее - ГОРОВД) до личного состава через кадровые аппараты доводится информация об имеющихся вакантных должностях участковых инспекторов полиции, с указанием даты начала и окончания приема рапортов.
      6. Сотрудники полиции, подавшие рапорты о назначении на должности участковых инспекторов полиции направляются на медицинское освидетельствование в военно-врачебные комиссии, а также тестируются на знание нормативных правовых актов и уровень боевой и физической подготовки.
      7. По истечении десятидневного срока со дня окончания приема рапортов, кадровым аппаратом проводится изучение личных дел сотрудников, подавших рапорт и вносится информация руководителю ГОРОВД. Руководителем органа в течение трех дней принимается решение об утверждении сотрудников в качестве кандидатов на занятие вакантной должности участкового инспектора полиции, о чем доводится до каждого сотрудника, подавшего рапорт.
      8. В течение десяти календарных дней после утверждения кандидатов на занятие вакантной должности участкового инспектора полиции, в местные исполнительные органы соответствующей административной территориальной единицы руководством органа внутренних дел вносится ходатайство о необходимости проведения собрания (схода) местного сообщества, его места и времени, для гласного обсуждения кандидатур с населением административного участка. Информация о предстоящем собрании и кандидатах размещается в местах, доступных вниманию жителей (на стендах для размещения объявлений, в средствах массовой информации, на сайтах Департамента внутренних дел (далее – ДВД) и другими доступными способами).
      9. Организация собрания (схода) местного сообщества и принятие его решения осуществляется в соответствии с порядком проведения собрания (схода) и принятия его решений, определяемыми областными (города республиканского значения и столицы) маслихатами, в соответствии с пунктом 2 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".
      10. На собрании (сходе) местного сообщества, руководством ГОРОВД представляются кандидаты на замещение должности участкового инспектора полиции, а также знакомятся жители административного участка с их послужным списком и служебными характеристиками.
      11. На основании решения собрания (схода) местного сообщества начальником ГОРОВД вносится представление начальнику ДВД о назначении на должность участкового инспектора полиции.
      12. Начальник департамента внутренних дел области издает приказ о назначении на должность участкового инспектора полиции.

Учаскелік полиция инспекторларын әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып тағайындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 538 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 9 ақпанда № 6770 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 17.07.2014 № 438 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғындармен өзара іс-қимыл жасасуын нығайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Учаскелік полиция инспекторын әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып тағайындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
      2. Облыстар мен Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары учаскелік полиция инспекторлары лауазымдарына тағайындау кезінде Ереженің сақталуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) және Кадр жұмысы департаментіне (Ә.А. Жансейітов) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    С. Баймағанбетов

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2011 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 538 бұйрығымен бекітілген

Учаскелік полиция инспекторларын әкімшілік учаске
халқының пікірін ескере отырып тағайындау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже әкімшілік учаске халқының үміткерді ашық талқылауын ескере отырып, ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары лауазымына тағайындау шарттары мен тәртібін белгілейді.
      2. Әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып, ішкі істер органының учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындау рәсімін енгізу мақсаты:
      қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру процесінде полиция мен халық арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды орнату мен дамыту;
      учаскелік полиция инспекторларының азаматтардың алдында жауапкершілігін күшейту;
      ішкі істер органдарының қызметіне деген халықтың сенімін арттыру болып табылады.
      3. Әкімшілік учаскенің аумағында кәмелетке толған, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тұратын және тіркелген адамдар қатарынан жергілікті қауымдастық жиналысының (жиынының) шешімі учаскелік полиция инспекторының бос лауазымына тағайындау не болмаса лауазымға тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      4. Негізгі критерийлер:
      1) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкестігі;
      2) оң мінездеме;
      3) әріптестері мен басшылықтың ұсынымдары (кемінде екеу).

2. Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау тәртібі

      5. Қалалық, аудандық ішкі істер органы (бұдан әрі – ҚАІІО) кадр аппараттары арқылы учаскелік полиция инспекторларының бос лауазымдары және баянат қабылдау мерзімінің басталуы мен аяқталуы туралы ақпаратты жеке құрамның назарына жеткізеді.
      6. Учаскелік полиция инспекторлары лауазымына тағайындау туралы баянат тапсырған полиция қызметкерлері медициналық куәландыру үшін әскери-дәрігерлік комиссияларға жіберіледі, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді білуіне, жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығының деңгейіне сынақтан өткізіледі.
      7. Баянат қабылдау аяқталған күннен бастап он күн өткен соң кадр аппараты баянат тапсырған қызметкерлердің жеке істерін зерделейді және ҚАІІО-ның басшысына ақпарат енгізеді. Орган басшысы үш күн ішінде қызметкерлерді учаскелік полиция инспекторының бос лауазымына үміткер ретінде бекіту туралы шешім қабылдайды, ол туралы баянат тапсырған әрбір қызметкерді хабардар етеді.
      8. Учаскелік полиция инспекторының бос лауазымына үміткер ретінде бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ішкі істер органының басшылығы тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына үміткерді әкімшілік учаскенің халқымен ашық талқылау үшін жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу қажеттілігі, оны өткізу орны мен уақыты туралы қолдаухат жолдайды. Өткізілетін жиналыс пен үміткерлер туралы ақпарат тұрғындардың назарына түсетін жерлерге (хабарландырулар стенд, БАҚ, Ішкі істер департаментінің (бұдан әрі – ІІД) сайттары және басқа да қол жетімді тәсілдер) орналастырылады.
      9. Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастыру және оның шешімін қабылдау жиналыс (жиын) өткізу және оны "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару басқармалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 2-тармағына сәйкес облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) мәслихаттар белгілейтін шешім қабылдау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
      10. Жергілікті қауымдастықтың жиналысында (жиынында) ҚАІІО басшылығы учаскелік полиция инспекторының бос лауазымына үміткерлерді таныстырады, сондай-ақ әкімшілік учаске халқы олардың қызметтік тізімімен, қызметтік мінездемелерімен танысады.
      11. Жергілікті қауымдастық жиналысының (жиынының) шешімі негізінде ҚАІІО-ның бастығы ІІД-нің бастығына учаскелік полиция инспекторын тағайындау туралы ұсынымхат енгізеді.
      12. Ішкі істер департаментінің бастығы учаскелік полиция инспекторын лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарады.