Об утверждении перечня таможенных органов, имеющих право на проведение квалификационных экзаменов с применением информационных систем таможенных органов

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 августа 2010 года № 418. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 сентября 2010 года № 6455. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 238

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 31.03.2015 № 238 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 32 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике Казахстан", в целях проведения квалификационных экзаменов таможенными органами на право получения квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить перечень таможенных органов, имеющих право на проведение квалификационных экзаменов с применением информационных систем таможенных органов.
      2. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан (Карбузов К-К.Ж.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жамишев

Утвержден          
приказом Министра финансов  
Республики Казахстан    
от 18 августа 2010 года № 418

Перечень таможенных органов, имеющих право на проведение
квалификационных экзаменов с применением информационных систем
таможенных органов

      1. Департамент таможенного контроля по городу Астана.
      2. Департамент таможенного контроля по городу Алматы.
      3. Департамент таможенного контроля по Восточно-Казахстанской области.
      4. Департамент таможенного контроля по Западно-Казахстанской области.
      5. Департамент таможенного контроля по Северо-Казахстанской области.
      6. Департамент таможенного контроля по Южно-Казахстанской области.

Кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар кеден органдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 тамыздағы № 418 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6455 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 238 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес, кедендік декларациялау жөніндегі маман аттестатын алу үшін кеден органдарымен біліктілік емтихандарын жүргізу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар кеден органдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2010 жылғы 18 тамыздағы 
№ 418 бұйрығымен бекітілген

Кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар кеден органдарының тізбесі

      1. Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      2. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      3. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      4. Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      5. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      6. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.