Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2010 году

Решение Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 26 февраля 2010 года № С-24/5. Зарегистрировано Управлением юстиции Шортандинского района Акмолинской области 9 апреля 2010 года № 1-18-109. Утратило силу - решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 12 апреля 2012 года № С-4/5

      Сноска. Утратило силу - решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 12.04.2012 № С-4/5 (вводится в действие со дня официального опубликования)

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», маслихат Шортандинского района РЕШИЛ:
      1. Оказать ежемесячную социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2010 году:
      1) малообеспеченным гражданам (семьям), имеющим среднедушевой доход ниже черты бедности - в размере пятидесяти процентов от месячного расчетного показателя;
      2) бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны - в размере одного месячного расчетного показателя.
      2. Уполномоченному органу - государственному учреждению «Отдел занятости и социальных программ» Шортандинского района обеспечить назначение и выплату ежемесячной социальной помощи вышеуказанным категориям.
      3. Оплата услуг производится на основании заключенного в установленном законодательством порядке договора с акционерным обществом «Казпочта» и государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ» Шортандинского района.
      4. Признать утратившим силу решение Шортандинского районного маслихата от 18 февраля 2009 года № С-13/3 «Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2009 году» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-18-67, опубликовано в газетах от 21 марта 2009 года «Өрлеу» № 11 и от 21 марта 2009 года «Вести» № 11).
      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в управлении юстиции Шортандинского района, вводится в действие со дня официального опубликования и распространяется на правоотношения возникшие с 1 января 2010 года.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        Г.Астафьева

      Секретарь
      районного маслихата                        Г.Скирда

      СОГЛАСОВАНО:

      Аким района                                С.Камзебаев

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел занятости и
      социальных программ»                       Ж.Мунтаева

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел экономики и
      бюджетного планирования»                   О.Мут

Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына 2010 жылы ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/5 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 сәуірде № 1-18-109 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/5 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012.04.12 № С-4/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына 2010 жылы ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) ортажандық кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) – айлық есептік көрсеткіштің елу пайызы мөлшерінде;
      2) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлер, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Уәкілетті орган – Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттарға ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қызмет көрсетулер төлемі «Қазпошта» акционерлік қоғамымен және Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасындағы жасалған шарт негізінде заңмен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
      4. Шортанды аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 18 ақпанындағы № С-13/3 «2009 жылы Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-67 тіркелген, 2009 жылдың 21 наурызында № 11 «Өрлеу» және 2009 жылдың 21 наурызында № 11 «Вести» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Г.Астафьева

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Г.Скирда

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі                                С.Қамзебаев

      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ж.Мұнтаева

      «Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        О.Мут