Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/5 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 мамырда № 1-18-155 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № С-22/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 09.12.2013 № С-22/4 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) мерекелік күндерге әлеуметтік төлемдер:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жылына бір рет 15000 теңге мөлшерінде және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70, 75, 80, 85 жылдық мерейтойлық күндерін тойлауға жылына бір рет -10 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға жылына бір рет - 5000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға жылына бір рет - 3000 теңге мөлшерінде;
      1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (әскери қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жанқиярлық еңбек пен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендер және медалдармен марапатталмаған тұлғаларға Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты жылына бір рет - 3000 теңге мөлшерінде;
      қарттар күнін мерекелеуге байланысты ең төменгі зейнетақы мөлшері бар зейнеткерлерге жылына бір рет - 2000 теңге мөлшерінде.
      Әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығымен ұсынған тізімдерге сәйкес өтініш тапсырмастан жүргізіледі:
      2. Отбасының (азаматтың) ортажандық кірісіне қарамастан әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға):
      1) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға жылына бір рет - 3 айлық есептік көрсеткіш;
      2) 1 және 2 топтағы мүгедектерге жылына бір рет - 8 айлық есептік көрсеткіш;
      3) 3 топтағы мүгедектерге жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш;
      4) өрт, су тасқыны, басқа табиғи және техногендік сипаттағы зілзала апаттары сияқты ерекше жағдайларда отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет - 40 айлық есептік көрсеткіш;
      5) амбулаторлық емделудегі туберкулезбен ауыратындарға - 10 айлық есептік көрсеткіш;
      6) орта жандық кірістері күнкөріс деңгейінен төмен қамтылған отбасыларға (азаматтарға) азаматтардың өтініштері бойынша жылына бір рет - 8 айлық есептік көрсеткіш.
      7) екінші әлемдік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастарын құрған концлагерлер, гетто және басқа мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына- ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының ұсынған тізіміне сәйкес облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің есебінен ай сайын 100 пайыз мөлшерінде коммуналдық қызметтердің шығыстарына:
      сумен жабдықтауға, кәрізге, газбен жабдықтауға, жылумен жабдықтауға, қоқыс шығаруға, электрмен жабдықтауға және телефон байланысының қызметтеріне абоненттік төлем қызмет берушілер ұсынған тізілімдеріне сәйкес алушының өтініші бойынша қызмет берушілердің шоттарына немесе алушылардың жеке шоттарына.
      Жылу беру маусымы мерзімінде қатты отынға арналған шығыстар Ұлы Отан соғысының қатысушылары немесе мүгедектерінің нақты тұру орны бойынша қатты отын сатып алуға ұсынылған түбіртектерге сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы өтеледі.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 31.01.2013 № С-13/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың толыққанды тізбесін белгілесін:
      1) барлық санаттар үшін негізгі құжаттардың тізімі:
      өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросынан анықтама, немесе ауылдық, селолық округі әкімінің анықтамасы);
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
      екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиялары бар ұйымдарда жеке шоты барын растайтын құжат;
      2) 16 жасқа дейінгі мүгедек – балалар, қосымша келесі құжаттарды тапсырсын:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.
      3) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, қосымша келесі құжаттарды тапсырсын:
      мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
      4) Өрт, су тасқыны, басқа табиғи және техногендік сипаттағы зілзала апат ерекше жағдайларда отбасылар (азаматтар), қосымша келесі құжаттарды тапсырсын:
      өртке қарсы қызметпен берілген өрт туралы акті;
      төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнен табиғи және техногендік сипаттағы зілзала апатпен, су тасқынымен зиян келтірілгенінің себебі туралы анықтама;
      5) амбулаторлық емделудегі туберкулезбен ауратындар, қосымша келесі құжаттарды тапсырсын:
      амбулаторлық емделуде болған кездегі фтизиатрдың анықтамасы;
      6) орта жандық кірістері күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар), қосымша келесі құжаттарды тапсырсын:
      алдыңғы тоқсанға отбасы мүшелерінің кірістері туралы мәліметтер.
      тұрмыстық-материалдық жағдайын тексеру актісі;
      7) екінші әлемдік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлер, гетто және басқа мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындары, қосымша келесі құжаттарды тапсырсын:
      жеңілдік санатына тиесілін растайтын мұрағаттық анықтаманың көшірмесі.
      4. Күші жойылды деп танылсын:
      Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылдың 26 ақпанындағы № С-24/4 «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы», (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-18-108 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 сәуірдегі аудандық «Өрлеу» және «Вести» газеттерінде жарияланған) шешімі;
      Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылдың 26 ақпанындағы № С-24/5 «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына 2010 жылы айсайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы», (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-109 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 сәуірде аудандық «Өрлеу» және «Вести» газеттерінде жарияланған) шешімі;
      Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылдың 14 қазанындағы № С-31/4 «Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы № 24/4 «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы», (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-122 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 қарашадағы аудандық «Өрлеу» және «Вести» газеттерінде жарияланған) шешімі;
      Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылдың 6 сәуіріндегі № С-37/5 «Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы № 24/4 «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-132 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 сәуірдегі аудандық «Өрлеу» және «Вести» газеттерінде жарияланған) шешімі.
      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Е.Мұқанова

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Г.Скирд

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аудан әкімі                                С.Қамзебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады