2009 жылы Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № С-13/3 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 наурызда № 1-18-67 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/5 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2010.02.26 № С-24/5 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2009 жылы Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек келесі мөлшерде көрсетілсін:
      1) отбасы мүшелерінің бірінің жан басына шаққанда күнкөрісі деңгейінен төмен табысы бар азаматтар (отбасылар) – 50 пайызды айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде;
      2) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға -бір айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Уәкілетті орган болып табылатын Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттарға ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.
      3. Ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетудің шығындарын қаржыландыру көзделген қаражат есебінен 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
      4. Төлем қызметі заңдарда белгіленген тәртіппен «Қазпошта» Акционерлік қоғамы және Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жасаған шарт негізінде жүргізіледі.
      5.Осы шешімнің орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының тексеру комиссиясына жүктелсін.
      6.Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және  2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                            А.Коровина

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Г.Скирда

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі                                С.Қамзебаев

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Ж.Мұнтаева

      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы                О.Мут

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады