О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Железинского района от 1 апреля 2010 года N 103/4 "Об оказании социальных выплат отдельным категориям граждан района"

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 04 ноября 2010 года N 335/11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 07 декабря 2010 года N 12-6-100. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 22 мая 2012 года N 194/5

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 22.05.2012 N 194/5.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Железинского района от 1 апреля 2010 года N 103/4 "Об оказании социальных выплат отдельным категориям граждан района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 12-6-86, опубликованное в районной газете "Родные просторы" 3 апреля 2010 года  N 14) следующие изменение и дополнения:
      подпункт 32) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "32) инвалиды первой и второй группы всех категорий.";
      пункт 2 дополнить подпунктом 32) следующего содержания:
      "32) для категории, указанной в подпункте 32) – материальная помощь на подписку двух периодических изданий по их фактической стоимости.";
      пункт 3 дополнить подпунктом 27) следующего содержания:
      "27) для категории, указанной в подпункте 32) – заявление с указанием лицевого счета в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта" или банках второго уровня, копии удостоверения личности и свидетельства регистрационного номера налогоплательщика, документ, подтверждающий статус получателя, квитанцию об оплате за подписку периодических изданий."
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Каппасова Б.М.

      Аким района                                Ж. Шугаев

Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" N 103/4 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 04 қарашадағы N 335/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 07 желтоқсанда N 12-6-100 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 194/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" N 14 газетінде жарияланған) N 103/4 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "32) барлық санаттағы бірінші, екінші топтағы мүгедектер.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
      "32) 32) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – нақты құны бойынша екі кезеңдік басылымға жазылуға материалдық көмек.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
      "27) 32) тармақшасында көрсетілген санаттарға, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірлі куәлігінің көшірмелері, алушы мәртебесін растайтын құжат, кезеңдік басылымдарға жазылуға төлеу жөніндегі түбіртек.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев