О внесении изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 апреля 2011 года № 38. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июня 2011 года № 7008. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 июля 2017 года № 142 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.07.2017 № 142 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и в целях совершенствования нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      1. В постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Правил изъятия из денежного обращения наличных денежных знаков - тиын" от 3 марта 2001 года № 57 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1428, опубликованное в 2001 году в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, № 12) внести следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 7 февраля 2001 года № 549 "О некоторых вопросах функционирования национальной валюты Республики Казахстан" и в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:";

      в Правилах изъятия из денежного обращения наличных денежных

      знаков – тиын, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Правила изъятия из денежного обращения наличных денежных знаков – тиын (далее – Правила) разработаны в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 7 февраля 2001 года № 549 "О некоторых вопросах функционирования национальной валюты Республики Казахстан" (далее – Указ Президента Казахстана) и Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан".

      2. Правила определяют порядок изъятия из денежного обращения наличных тиынов, приема и обмена наличных тиынов на тенге. Нормы настоящих Правил обязательны для исполнения подразделениями центрального аппарата и филиалами Национального Банка, банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций (далее – банки второго уровня), на территории Республики Казахстан.";

      главу 3 исключить;

      пункт 12 исключить.

      2. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 08.08.2016 № 180.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 38 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 маусымда № 7008 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.07.2017 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1428 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығын орындау үшін және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесінде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (бұдан әрі – Қазақстан Президентінің Жарлығы) және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Ереже қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу, қолма-қол тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау тәртібін белгілейді. Осы Ереженің нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері мен филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктер) үшін орындауға міндетті.";

      3-тарау алып тасталсын;

      12-тармақ алып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 180 бұйрығымен.

      12-тармақ алып тасталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко