Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан об игорном бизнесе

Совместный приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 13 сентября 2011 года № 02-02-18/180 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 299. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2011 года № 7219. Утратил силу совместным приказом и.о. Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 25 июня 2015 года № 223 и и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 486

      Сноска. Утратил силу совместным приказом и.о. Министра культуры и спорта РК от 25.06.2015 № 223 и и.о. Министра национальной экономики РК от 30.06.2015 № 486 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 12 января 2007 года «Об игорном бизнесе» и пунктом 4 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан» ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые Критерии оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан об игорном бизнесе.
      2. Комитету индустрии туризма Министерства туризма и спорта Республики Казахстан (Какен К.Г.):
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование;
      3) обеспечить опубликование настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета индустрии туризма Министерства туризма и спорта Республики Казахстан Какен К.Г.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. Министра туризма и спорта      И.о. Министра экономического
Республики Казахстан                развития и торговли
                                    Республики Казахстан
_______________ А. Пирметов         _______________ М. Кусаинов

Утверждены             
совместным приказом         
И.о. Министра туризма и спорта    
Республики Казахстан        
от 13 сентября 2011 года № 02-02-18/180,
И.о. Министра экономического     
развития и торговли         
Республики Казахстан         
от 16 сентября 2011 года № 299    

Критерии оценки степени рисков в сфере частного
предпринимательства за соблюдением
законодательства об игорном бизнесе

      1. Настоящие Критерии разработаны, в соответствии с Законами Республики Казахстан «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан» и «Об игорном бизнесе», для определения показателей рисков в целях отнесения субъектов игорного бизнеса к степеням риска.
      2. В настоящих Критериях использованы следующие понятия:
      1) риск – вероятность причинения вреда в результате деятельности проверяемого субъекта жизни или здоровью человека, окружающей среде, законным интересам физических и юридических лиц, имущественным интересам государства с учетом степени тяжести его последствий;
      2) субъект контроля – казино, зал игровых автоматов, букмекерская контора и тотализатор.
      3. Субъекты, осуществляющие виды деятельности в сфере игорного бизнеса (казино, зал игровых автоматов, букмекерская контора, тотализатор), постоянно находятся в группе высокой степени риска.

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-02-18/180 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 299 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 қыркүйекте № 7219 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 223 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 486 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 25.06.2015 № 223 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.Ғ.Кәкен):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қ.Ғ.Кәкенге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Туризм және спорт министрінің
      міндетін атқарушы
      ___________ Ә. Пірметов

      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және сауда
      министрінің міндетін атқарушы
      ______________ М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы  
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының   
2011 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 02-02-18/180,    
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және   
сауда министрінің     
міндетін атқарушының    
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 299          
бірлескен бұйрығымен   
бекітілген        

Ойын бизнесі туралы заңнаманың орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы Өлшемдер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ойын бизнесі субъектілерін тәуекелдер дәрежесіне жатқызу мақсатында тәуекелдер көрсеткіштерін айқындау үшін әзірленді.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылған:
      1) тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесі ескерілетін зиян келтіру ықтималдығы;
      2) бақылау субъектісі – казино, ойын автоматтары залы, букмекер кеңсесі мен тотализатор.
      3. Ойын бизнесі саласындағы (казино, ойын автоматтары залы, букмекер кеңсесі мен тотализатор) қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ұдайы жоғары тәуекел дәрежесінде болады.