Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 223 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 486 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда № 11840 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 227 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 373 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.08.2016 № 227 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.08.2016 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабы 3-тармағына және  15-бабы1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы парағының нысаны.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіее мемлекеттік тіркеуге жолдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде осы бірлескен бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
       3) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынсын.
      3. Мыналар:
      1) «Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-02-18/180 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 299 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7219 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы № 529-530 (26922) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-02-18/182 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 310 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7221 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы № 529-530 (26922) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт         Ұлттық экономика
      министрінің м.а             министрінің м.а
      ___________ М. Әзілханов    _________ М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      _________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 26 маусым

Қазақстан Республикасы        
Мәдениет және спорт министрінің м.а.
2015 жылғы 25 маусымдағы № 223  
мен Қазақстан Республикасы     
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 30 маусымдағы № 486  
бірлескен бұйрығына 1-қосымша  

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының
орындалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізуі мақсатында тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеуге арналған.
      2. Осы Критерийлерде мына ұғымдар пайдаланылған:
      1) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысы жоқ тәуекел дәрежесіне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) нақты тексерілетін субъекті (объекті) қызметі нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      3) тексерілетін объектілер – бақылауға және қадағалауға жататын тексерілетін субъектіде меншік құқығында немесе өзге заңды негізде болатын мүлік;
      4) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын казино, ойын автоматтарының залдары, букмекерлік кеңселер, тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар (ойын бизнесі саласындағы лицензия қолданысының мерзімі өткенге дейін), заңды тұлғалар;
      5) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне олардың салдарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып, зиян келтіру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру(жылыстату) және терроризмді қаржыландыру ықтималдылығы;
      3. Ішінара тексеру үшін критерийлер объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптасады.
      4. Ішінара тексерулер тиісті есепті кезең басталғанға дейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімге құқықтық статистика және арнайы есептілік жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жартыжылдық негізде қалыптастырылатын ішінара тексеру тізімінің негізінде жүргізіледі.
      5. Ішінара тексерулер тізімі мына:
      1) субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің аса көп көрсеткішімен тексерілетін субъектілер (объектілер) басымдықтарын;
      2) тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды адамдарының жүктемелерін есепке ала отырып жасалады;
      6. Ішінара тексеруді өткізу еселігі жылына бір реттен жиі болмауы емес.

2. Объективті критерийлер

      7. Объективті критерийлер бойынша тексерілетін субъектілер (объектілер) екі тәуекел дәрежесі бойынша бөлінеді: жоғары, жоғарыға жатпайтын.
      Тәуекелді бағалаудың жоғары дәрежесіне мынадай тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады:
      1) казино;
      2) ойын автоматтары залы;
      3) букмекер кеңселері;
      4) тотализаторлар.
      8. Дәрежесі жоғары тәуекелге жататын тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

Субъективті критерийлер

      9. Субъективті критерийлерді айқындау мына кезеңдерді қолдану мен жүзеге асырылады:
      1) дерекқорды қалыпастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
      10. Тексерілетін субъектілердің субъективті критерийлерінің тәуекел дәрежесін бағалау үшін мына ақпарат көздері пайдаланылады:
      1) тексерілетін субъектілер ұсынатын есептілік мониторингінің нәтижелері;
      2) алдыңғы тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, маңызды, елеусіз) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;
      3) мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтерді талдау нәтижелері.
      4) жеке, заңды тұлғалар тарапынан расталған шағымдар мен өтініштердің болуы;
      5) қылмыстық не әкімшілік тергеудің болуы.
      11. Осы Критерийлерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес субъективті критерийлер бұзушылықтың үш ауыртпалық дәрежесіне - өрескел, маңызды, елеусіз болып бөлінеді.
      Бір және одан да көп өрескел бұзушылықтар болған кезде тексерілетін субъектіге (объектіге) 100 көрсеткіші беріледі, бұл тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тексеру үшін негіздеме болып табылады.
      Өрескел бұзушылықтар болмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін маңызды және елеусіз дәрежелер талаптарының жиынтық көрсеткіші есептеледі.
      Маңызды дәрежедегі бұзушылық көрсеткішін айқындау үшін 0,7 коэффициенті қолданылады және мынадай формулада есептеледі:

      Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7

      онда:
      УРз – маңызды дәрежедегі бұзышылықтар көрсеткіші;
      УР1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге талдауға ұсынылған маңызды дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
      УР2 – маңызды дәреженің бұзылған талаптарының саны.
      Елеусіз бұзушылықтар көрсеткішін айқындау үшін 0,3 коэффициенті қолданылады және мынадай формулада есептеледі:

      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3

      онда:
      Рн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;
      Р1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге талдауға ұсынылған елеусіз дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
      Р2 – елеусіз дәреженің бұзылған талаптарының саны.
      Тексерілетін субъектіні айқындау бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші: тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (УР) 0-ден 100 дейін шкалада есептеледі және мынадай формула бойынша көрсеткіштерді жиынтықтау жолымен айқындалады:

      Р = Рз + Рн

      онда:
      Р - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Рз - маңызды дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;
      Рн - елеусіз дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші.
      15. Маңызды және елеусіз бұзушылықтар бойынша алынған деректерге талдау және өңдеу жүргізе отырып, уәкілетті мемлекеттік орган субъектілерді (объектілерді) мынадай тәуекел дәрежелеріне жатқызады:
      1) жоғары дәрежелі тәуекел – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткішті құрайды;
      2) жоғары дәрежелі тәуекелге жатпайтын – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 1-ден 60-қа дейінгі көрсеткішті құрайды.

Қазақстан Республикасының ойын 
бизнесі туралы заңнамасының  
орындалуы үшін тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне 1-қосымша

Казино және ойын автоматтары залдарының қызметін жүзеге
асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларына арналған тәуекел
дәрежесінің субъективті критерийлері

р/с

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1. Тексерілетін субъекті ұсынатын есептілік мониторингінің нәтижелері

1

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызының сәйкес келуі туралы есеп бермеу

маңызды

2

Есепті кезеңдегі жай-күй бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылған міндетті резервтің болуы туралы ақпараттан тұратын банктен анықтама түрінде мәліметтерді бермеу

маңызды

3

Ойын жабдықтарының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есеп бермеу

елеусіз

4

Кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы есеп бермеу

маңызды

5

Ойын автоматына технологиялық салынып, белгіленген ұтыс пайызына сәйкес келуі туралы, міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есептіліктерді уақытында ұсынбау

елеусіз

6

Ойын автоматына технологиялық салынып, белгіленген ұтыс пайызына сәйкес келуі туралы, міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы толық емес ақпараттан тұратын есептілікті ұсыну

маңызды

2. Алдыңғы тексерулер нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды орындамаған кезде белгіленеді)

1

Ойын автоматына технологиялық салынып, белгіленген ұтыс пайызына сәйкес келуі туралы, міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есептілікте шынайы ақпаратты бермеу

маңызды

2

Жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағлауында және Ақмола облысы Щучье ауданында казино және ойын автоматтарын орналастыру жөніндегі талаптарды сақтау

өрескел

3

Бір казинода кемінде жиырма ойын үстелін орнату жөніндегі талаптарды сақтау

маңызды

4

Ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтау

маңызды

5

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну негізінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды құмар ойындар мен бәс тігуді өткізу қағидаларында көзделген мөлшерде және мерзімде, осы құмар ойындар және (немесе) бәс тігу нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуді сақтау

өрескел

6

Казино мен ойын автоматтары залдарына ойын автоматтарын және олардың бөліктері қабырғаларды, терезе мен есіктерді бұзу арқылы монтаждауға тыйым салуды орындау

маңызды

7

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген тоқсан бес пайыздан төмен емес ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызын сақтау

өрескел

8

Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейне жазатын жүйелермен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау

маңызды

9

Жиырма бір жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салуды орындау

маңызды

10

Өзге мүлік түрінде ұтысты беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, ставкаларды қабылдауды және және (немесе) ақшадан басқа өзге мүлік түрінде ұтысты беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу бойынша тыйым салуды орындау

маңызды

11

Ойын мекемелерінен тыс бәс тігуге, ставкаларды қабылдауға (есепке алуды), ұтыстарды төлеуге (тотализаторлар немесе букмекерлік кеңсе касалары) тыйым салуды орындау

маңызды

12

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау, атап айтқанда:



12.1.

Мына:
1) клиентпен іскери қарым-қатынасты орнату;
2) қаржылық мониторингке, оның ішінде күдікті операцияларға жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру;
3) бенефициарлық меншікте клиент (олардың өкілдері) туралы бұрын алған деректердегі шынайылыққа күмәндану негіздерінің болуы жағдайларда өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерді дұрыс тексерілуі бойынша шаралар қабылдау.

өрескел

12.2

Өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеру жүргізу кезінде мына:
1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу: оның жеке басын куәландыратын құжаттар деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ заңды мекенжайы;
2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдіктерді) сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдіктерді) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама деректері, бизнес сәйкестендіру нөмірі не шет мемлекетте резидент емес заңды тұлға тіркелген нөмір, сондай-ақ орналасқан орнының мекенжайы;
2-1) меншік бенефициарын анықтау және заңды мекенжайынан басқа оны сәйкестіндіруге қажет мәліметтерді тіркеу;
3) іскери қарым-қатынастардың болжамды мақсаттары мен сипатын белгілеу;
4) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алу және тіркеу қажеттілігі кезіндегі қоса алғанда қаржы мониторингінің осы субъектісі арқылы клиент жүзеге асыратын іскери қарым-қатынастарды және операцияларды тұрақты тексеру негізінде жүргізу;
5) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншігі туралы шынайылықты тексеру және мәліметтерді жаңарту. Клиентті (оның өкілінің), бенефициар меншігін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің шынайылығын тексеру түпнұсқалар деректерімен немесе нотариалды куәландырылған тиісті құжаттармен салыстыру не қол жетімді көздердегі деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Клиент өкіліне қатысты клиент атынан және (немесе) клиент мүддесінде әрекер ететін өкілеттілік тексеріледі. Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициар меншігі туралы бұрын алынған мәліметтердің шынайылығына күмәндануға негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларымен көзделген жағдайларда жүзеге асырылады



12.3

Ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициар меншіктерін дұрысы тексеруді жүзеге асыру.



13

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы сала немесе өзге заңды негізде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үйлердің, құрылыстардың) болуы

өрескел

14

Казино және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында ойын жабдығының болуы

өрескел

15

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған жеке немесе заңды тұлғалармен шарттардың болуы

маңызды

16

Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген ойын мекемелерінің жұмыс істеу, ставкаларды қабылдау және өткізілетін құмар ойындар мен бәс тігу қағидаларының болуы

маңызды

17

Казино және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қазақ және орыс тілдерінде қолданылатын заңдастырылған белгілер үлгілері мен номинацияларының болуы

маңызды

18

Банкпен және клиентпен жасасқан шарт негізінде және бірінші талап ету бойынша (сұрату салымы) салымды берген кезде салым шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерінде орналастырылған әр ойын мекемесінде міндетті резервтердің болуы

маңызды

19

Ойын бизнесін ұйымдастырушы тұрақты негізде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген тәртіпте және шарттарда міндетті резервтерді орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті

маңызды

20

Тек құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеу бойынша ойын бизнесін ұйымдастыршының міндеттемелерін орындау мақсатында және атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа ойын бизнесін ұйымдастырушының шотында және кассасында ақша жеткіліксіз болған кезде міндетті резервтерді пайдалану.

маңызды

21

Егер міндетті резервтер сомасы осы «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңмен белгіленген мөлшерден төмен болған жағдайда осындай азайған күннен бастап үш күн ішінде міндетті резервті толтыру.

маңызды

22

Банктік салым шартын жасасқан кезде ашылған банк шоттары бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы уәкілетті органға үш айда бір рет ұсынылған анықтамалардың болуы

маңызды

3. Мемлекеттік органдардан түскен мәліметтерді талдау нәтижелері

1

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерімен мемлекеттік органдардан түскен мәліметтердің болуы

өрескел

4. Расталған жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен шағымдар мен өтініштердің болуы

1

Құқықтары бұзылған расталған жеке және заңды тұлғалардан шағымдар мен өтініштердің болуы

маңызды

Қазақстан Республикасының ойын 
бизнесі туралы заңнамасының  
орындалуы үшін тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне 2-қосымша

Букмекерлік кеңселер және тотализаторлар қызметін жүзеге
асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін тәуекел
дәрежесінің субъективті критерийлері

р/с

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1. Тексерілетін субъекті ұсынатын есептілік мониторингінің нәтижелері

1

Есепті кезеңдегі жай-күй бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылған міндетті резервтің болуы туралы ақпараттан тұратын банктен анықтама түрінде мәліметтерді бермеу

маңызды

2

Ойын жабдықтарының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есеп бермеу

елеусіз

3

Кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы есеп бермеу

маңызды

4

Міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есептерді уақытында ұсынбау

елеусіз

5

Міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы толық емес ақпараттан тұратын есептілікті ұсыну

маңызды

2. Алдыңғы тексерулер нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды орындамаған кезде белгіленеді)

1

Міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есепте шынайы ақпаратты бермеу

маңызды

2

Тұрғын үй емес үй-жайларда ойын мекемелерінің, тотализатор және букмекерлік кеңсе касалаларының орналасуы бойынша, сондай-ақ тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының) тұрғын үй емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және олардың кешендерінде, коммуналдық және қойма объектілерінде, мәдени ғимараттарда (құрылыстарда), мемлекеттік органдар мен мекемелер ғимараттарында, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әуежайлар, вокзалдар, станцияларда және қалалық және қала сыртына көліктік қатынастың аялдамаларында оларды орналастыруға тыйым салу талаптарын сақтау

өрескел

3

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну негізінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды құмар ойындар мен бәс тігуді өткізу қағидаларында көзделген мөлшерде және мерзімде, осы құмар ойындар және (немесе) бәс тігу нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуді сақтау

өрескел

4

Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға жне (немесе) бәс тігуге қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейне жазатын жүйелермен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау

маңызды

5

Жиырма бір жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салуды сақтау

маңызды

6

Өзге мүлік түрінде ұтысты беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда ставкаларды қабылдауды және және (немесе) ақшадан басқа өзге мүлік түрінде ұтысты беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу бойынша тыйым салуды сақтау

маңызды

7

Ойын мекемелерінен тыс бәс тігуге, ставкаларды қабылдауға (есепке алуды), ұтыстарды төлеуге (тотализаторлар немесе букмекерлік кеңсе касалары) тыйым салуды сақтау

маңызды

8

Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың міндеттерді аппараттық-бағдарламалық кешен және бәс тігуді ұйымдастыру мен өтізуге арналған жабдық арқылы сақтау, жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды, бәс тігуге қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және төлеуді қамтамасыз ету бойынша талаптарды жүзеге асыру және қамтамасыз ету

өрескел

9

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықты орнату жөніндегі талаптарды сақтауы

маңызды

10

Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тиісті тотализатор немесе букмекерлік кеңсе кассалары және (немесе) тотализатор немесе букмекерлік кеңсенің электрондық кассалары арқылы ставкаларды қабылдау туралы талаптарды сақтауы.

өрескел

11

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы талаптарды сақтау:

өрескел

11.1

Мына: 1) клиентпен іскери қарым-қатынасты орнату;
2) қаржылық мониторингке, оның ішінде күдікті операцияларға жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру;
3) бенефициарлық меншікте клиент (олардың өкілдері) туралы бұрын алған деректердегі шынайылыққа күмәндану негіздерінің болуы жағдайларда өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерді дұрыс тексерілуі бойынша шаралар қабылдау.

өрескел

11.2

Өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеру жүргізу кезінде мына:
1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу: оның жеке басын куәландыратын құжаттар деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ заңды мекенжайы;
2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдіктерді) сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдіктерді) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама деректері, бизнес сәйкестендіру нөмірі не шет мемлекетте резидент емес заңды тұлға тіркелген нөмір, сондай-ақ орналасқан орнының мекенжайы;
2-1) меншік бенефициарын анықтау және заңды мекенжайынан басқа оны сәйкестіндіруге қажет мәліметтерді тіркеу;
3) іскери қарым-қатынастардың болжамды мақсаттары мен сипатын белгілеу;
4) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алу және тіркеу қажеттілігі кезіндегі қоса алғанда қаржы мониторингінің осы субъектісі арқылы клиент жүзеге асыратын іскери қарым-қатынастарды және операцияларды тұрақты тексеру негізінде жүргізу;
5) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншігі туралы шынайылықты тексеру және мәліметтерді жаңарту. Клиентті (оның өкілінің), бенефициар меншігін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің шынайылығын тексеру түпнұсқалар деректерімен немесе нотариалды куәландырылған тиісті құжаттармен салыстыру не қол жетімді көздердегі деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Клиент өкіліне қатысты клиент атынан және (немесе) клиент мүддесінде әрекер ететін өкілеттілік тексеріледі. Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициар меншігі туралы бұрын алынған мәліметтердің шынайылығына күмәндануға негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларымен көзделген жағдайларда жүзеге асырылады

өрескел

11.3

Ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициар меншіктерін дұрысы тексеруді жүзеге асыру

маңызды

12

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үйлердің, құрылыстардың) болуы

өрескел

13

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған жеке немесе заңды тұлғалармен шарттардың болуы

өрескел

14

Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген ойын мекемелерінің жұмыс істеуі, ставкаларды қабылдау және өткізілетін құмар ойындар мен бәс тігу қағидаларының болуы

маңызды

15

Банкпен және клиентпен жасасқан шарт негізінде және бірінші талап ету бойынша (сұрату салымы) салымды берген кезде салым шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерінде орналастырылған әр ойын мекемесінде міндетті резервтердің болуы

маңызды

16

Ойын бизнесін ұйымдастырушы тұрақты негізде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген тәртіпте және шарттарда міндетті резервтерді орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті

маңызды

17

Тек құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеу бойынша ойын бизнесін ұйымдастыршының міндеттемелерін орындау мақсатында және атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа ойын бизнесін ұйымдастырушының шотында және кассасында ақша жеткіліксіз болған кезде міндетті резервтерді пайдалану.

маңызды

18

Егер міндетті резервтер сомасы осы «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген мөлшерден төмен болған жағдайда осындай азайған күннен бастап міндетті резервті Заңмен белгіленген мөлшерге дейін үш күн ішінде толтыру.

маңызды

19

Банктік салым шартын жасасқан кезде ашылған банк шоттары бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы уәкілетті органға үш айда бір рет ұсынылған анықтамалардың болуы

маңызды

3. Мемлекеттік органдардан түскен мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу туралы мемлекеттік органдардан түскен мәліметтердің болуы

өрескел

4. Расталған жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен шағымдар мен өтініштердің болуы

1

Құқығы бұзылған расталған жеке және заңды тұлғалардан шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

Қазақстан Республикасы        
Мәдениет және спорт министрінің м.а.
2015 жылғы 25 маусымдағы № 223  
мен Қазақстан Республикасы     
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 30 маусымдағы № 486  
бірлескен бұйрығына 2-қосымша  

Нысан

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының
орындалуы үшін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы
(«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және
қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының Заңына қосымшаға сәйкес)
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт__________________________(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________
Орналасқан орнының мекенжайы ________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Казино, ойын автоматтары залдарының қызметіне қатысты

1

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызының сәйкес келуі туралы есеп бермеу





2

Есепті кезеңдегі жай-күй бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылған міндетті резервтің болуы туралы ақпараттан тұратын банктен анықтама түрінде мәліметтерді бермеу





3

Ойын жабдықтарының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есеп бермеу





4

Кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы есеп бермеу





5

Ойын автоматына технологиялық салынып, белгіленген ұтыс пайызына сәйкес келуі туралы, міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есептіліктерді уақытында ұсынбау





6

Ойын автоматына технологиялық салынып, белгіленген ұтыс пайызына сәйкес келуі туралы, міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы толық емес ақпараттан тұратын есептілікті ұсыну





7

Ойын автоматына технологиялық салынып, белгіленген ұтыс пайызына сәйкес келуі туралы, міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есептілікте шынайы ақпаратты бермеу





8

Жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағлауында және Ақмола облысы Щучье ауданында казино және ойын автоматтарын орналастыру жөніндегі талаптарды сақтау





9

Бір казинода кемінде жиырма ойын үстелін орнату жөніндегі талаптарды сақтау





10

Ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтау





11

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну негізінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды құмар ойындар мен бәс тігуді өткізу қағидаларында көзделген мөлшерде және мерзімде, осы құмар ойындар және (немесе) бәс тігу нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуді сақтау





12

Казино мен ойын автоматтары залдарына ойын автоматтарын және олардың бөліктері қабырғаларды, терезе мен есіктерді бұзу арқылы монтаждауға тыйым салуды орындау





13

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген тоқсан бес пайыздан төмен емес ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызын сақтау





14

Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейне жазатын жүйелермен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау





15

Жиырма бір жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салуды орындау





16

Өзге мүлік түрінде ұтысты беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, ставкаларды қабылдауды және және (немесе) ақшадан басқа өзге мүлік түрінде ұтысты беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу бойынша тыйым салуды орындау





17

Ойын мекемелерінен тыс бәс тігуге, ставкаларды қабылдауға (есепке алуды), ұтыстарды төлеуге (тотализаторлар немесе букмекерлік кеңсе касалары) тыйым салуды орындау





18

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау, атап айтқанда:





18.1

Мына:
1) клиентпен іскери қарым-қатынасты орнату;
2) қаржылық мониторингке, оның ішінде күдікті операцияларға жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру;
3) бенефициарлық меншікте клиент (олардың өкілдері) туралы бұрын алған деректердегі шынайылыққа күмәндану негіздерінің болуы жағдайларда өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерді дұрыс тексерілуі бойынша шаралар қабылдау.





18.2

Өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеру жүргізу кезінде мына:
1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу: оның жеке басын куәландыратын құжаттар деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ заңды мекенжайы;
2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдіктерді) сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдіктерді) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама деректері, бизнес сәйкестендіру нөмірі не шет мемлекетте резидент емес заңды тұлға тіркелген нөмір, сондай-ақ орналасқан орнының мекенжайы;
2-1) меншік бенефициарын анықтау және заңды мекенжайынан басқа оны сәйкестіндіруге қажет мәліметтерді тіркеу;
3) іскери қарым-қатынастардың болжамды мақсаттары мен сипатын белгілеу;
4) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алу және тіркеу қажеттілігі кезіндегі қоса алғанда қаржы мониторингінің осы субъектісі арқылы клиент жүзеге асыратын іскери қарым-қатынастарды және операцияларды тұрақты тексеру негізінде жүргізу;
5) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншігі туралы шынайылықты тексеру және мәліметтерді жаңарту. Клиентті (оның өкілінің), бенефициар меншігін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің шынайылығын тексеру түпнұсқалар деректерімен немесе нотариалды куәландырылған тиісті құжаттармен салыстыру не қол жетімді көздердегі деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Клиент өкіліне қатысты клиент атынан және (немесе) клиент мүддесінде әрекер ететін өкілеттілік тексеріледі. Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициар меншігі туралы бұрын алынған мәліметтердің шынайылығына күмәндануға негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларымен көзделген жағдайларда жүзеге асырылады





18.3

Ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициар меншіктерін дұрысы тексеруді жүзеге асыру.





19

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы сала немесе өзге заңды негізде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үйлердің, құрылыстардың) болуы





20

Казино және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында ойын жабдығының болуы





21

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған жеке немесе заңды тұлғалармен шарттардың болуы





22

Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген ойын мекемелерінің жұмыс істеу, ставкаларды қабылдау және өткізілетін құмар ойындар мен бәс тігу қағидаларының болуы





23

Казино және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қазақ және орыс тілдерінде қолданылатын заңдастырылған белгілер үлгілері мен номинацияларының болуы





24

Банкпен және клиентпен жасасқан шарт негізінде және бірінші талап ету бойынша (сұрату салымы) салымды берген кезде салым шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерінде орналастырылған әр ойын мекемесінде міндетті резервтердің болуы





25

Ойын бизнесін ұйымдастырушы тұрақты негізде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген тәртіпте және шарттарда міндетті резервтерді орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті





26

Тек құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеу бойынша ойын бизнесін ұйымдастыршының міндеттемелерін орындау мақсатында және атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа ойын бизнесін ұйымдастырушының шотында және кассасында ақша жеткіліксіз болған кезде міндетті резервтерді пайдалану.





27

Егер міндетті резервтер сомасы осы «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңмен белгіленген мөлшерден төмен болған жағдайда осындай азайған күннен бастап үш күн ішінде міндетті резервті толтыру.





28

Банктік салым шартын жасасқан кезде ашылған банк шоттары бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы уәкілетті органға үш айда бір рет ұсынылған анықтамалардың болуы





Букмекер кеңселеріне, тотализаторларға қатысты

29

Есепті кезеңдегі жай-күй бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылған міндетті резервтің болуы туралы ақпараттан тұратын банктен анықтама түрінде мәліметтерді бермеу





30

Ойын жабдықтарының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есеп бермеу





31

Кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы есеп бермеу





32

Міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есептерді уақытында ұсынбау





33

Міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы толық емес ақпараттан тұратын есептілікті ұсыну





34

Міндетті резервтің болуы туралы, ойын жабдықтары, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы есепте шынайы ақпаратты бермеу





35

Тұрғын үй емес үй-жайларда ойын мекемелерінің, тотализатор және букмекерлік кеңсе касалаларының орналасуы бойынша, сондай-ақ тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының) тұрғын үй емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және олардың кешендерінде, коммуналдық және қойма объектілерінде, мәдени ғимараттарда (құрылыстарда), мемлекеттік органдар мен мекемелер ғимараттарында, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әуежайлар, вокзалдар, станцияларда және қалалық және қала сыртына көліктік қатынастың аялдамаларында оларды орналастыруға тыйым салу талаптарын сақтау





36

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну негізінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды құмар ойындар мен бәс тігуді өткізу қағидаларында көзделген мөлшерде және мерзімде, осы құмар ойындар және (немесе) бәс тігу нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуді сақтау





37

Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға жне (немесе) бәс тігуге қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейне жазатын жүйелермен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау





38

Жиырма бір жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салуды сақтау





39

Өзге мүлік түрінде ұтысты беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда ставкаларды қабылдауды және және (немесе) ақшадан басқа өзге мүлік түрінде ұтысты беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу бойынша тыйым салуды сақтау





40

Ойын мекемелерінен тыс бәс тігуге, ставкаларды қабылдауға (есепке алуды), ұтыстарды төлеуге (тотализаторлар немесе букмекерлік кеңсе касалары) тыйым салуды сақтау





41

Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың міндеттерді аппараттық-бағдарламалық кешен және бәс тігуді ұйымдастыру мен өтізуге арналған жабдық арқылы сақтау, жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды, бәс тігуге қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және төлеуді қамтамасыз ету бойынша талаптарды жүзеге асыру және қамтамасыз ету





42

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықты орнату жөніндегі талаптарды сақтауы





43

Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тиісті тотализатор немесе букмекерлік кеңсе кассалары және (немесе) тотализатор немесе букмекерлік кеңсенің электрондық кассалары арқылы ставкаларды қабылдау туралы талаптарды сақтауы.





44

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау, атап айтқанда:





44.1

Мына:
1) клиентпен іскери қарым-қатынасты орнату;
2) қаржылық мониторингке, оның ішінде күдікті операцияларға жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру;
3) бенефициарлық меншікте клиент (олардың өкілдері) туралы бұрын алған деректердегі шынайылыққа күмәндану негіздерінің болуы жағдайларда өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерді дұрыс тексерілуі бойынша шаралар қабылдау.





44.2

Өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеру жүргізу кезінде мына:
1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу: оның жеке басын куәландыратын құжаттар деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ заңды мекенжайы;
2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдіктерді) сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдіктерді) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама деректері, бизнес сәйкестендіру нөмірі не шет мемлекетте резидент емес заңды тұлға тіркелген нөмір, сондай-ақ орналасқан орнының мекенжайы;
2-1) меншік бенефициарын анықтау және заңды мекенжайынан басқа оны сәйкестіндіруге қажет мәліметтерді тіркеу;
3) іскери қарым-қатынастардың болжамды мақсаттары мен сипатын белгілеу;
4) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алу және тіркеу қажеттілігі кезіндегі қоса алғанда қаржы мониторингінің осы субъектісі арқылы клиент жүзеге асыратын іскери қарым-қатынастарды және операцияларды тұрақты тексеру негізінде жүргізу;
5) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншігі туралы шынайылықты тексеру және мәліметтерді жаңарту. Клиентті (оның өкілінің), бенефициар меншігін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің шынайылығын тексеру түпнұсқалар деректерімен немесе нотариалды куәландырылған тиісті құжаттармен салыстыру не қол жетімді көздердегі деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Клиент өкіліне қатысты клиент атынан және (немесе) клиент мүддесінде әрекер ететін өкілеттілік тексеріледі. Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициар меншігі туралы бұрын алынған мәліметтердің шынайылығына күмәндануға негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларымен көзделген жағдайларда жүзеге асырылады





44.3

Ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициар меншіктерін дұрысы тексеруді жүзеге асыру





45

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үйлердің, құрылыстардың) болуы





46

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған жеке немесе заңды тұлғалармен шарттардың болуы





47

Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген ойын мекемелерінің жұмыс істеуі, ставкаларды қабылдау және өткізілетін құмар ойындар мен бәс тігу қағидаларының болуы





48

Банкпен және клиентпен жасасқан шарт негізінде және бірінші талап ету бойынша (сұрату салымы) салымды берген кезде салым шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерінде орналастырылған әр ойын мекемесінде міндетті резервтердің болуы





49

Ойын бизнесін ұйымдастырушы тұрақты негізде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген тәртіпте және шарттарда міндетті резервтерді орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті





50

Тек құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеу бойынша ойын бизнесін ұйымдастыршының міндеттемелерін орындау мақсатында және атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа ойын бизнесін ұйымдастырушының шотында және кассасында ақша жеткіліксіз болған кезде міндетті резервтерді пайдалану.





51

Егер міндетті резервтер сомасы осы «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген мөлшерден төмен болған жағдайда осындай азайған күннен бастап міндетті резервті Заңмен белгіленген мөлшерге дейін үш күн ішінде толтыру.





52

Банктік салым шартын жасасқан кезде ашылған банк шоттары бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы уәкілетті органға үш айда бір рет ұсынылған анықтамалардың болуы





53

Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу туралы мемлекеттік органдардан түскен мәліметтердің болуы





54

Құқығы бұзылған расталған жеке және заңды тұлғалардан шағымдар мен өтініштердің болуы





Лауазымды тұлға (тұлғалар) __________________________________________
                       (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)
                           __________________________________________
Тексерілетін субъектінің басшысы ____________________________________
              (Т.А.Ә., лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады