О внесении изменения в решение Жаркаинского районного маслихата от 11 апреля 2011 года № 4С-31/4 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2011 год"

Решение Жаркаинского районного маслихата Акмолинской области от 12 октября 2011 года №4С-36/2. Зарегистрировано Управлением юстиции Жаркаинского района Акмолинской области 2 ноября 2011 года № 1-12-152. Утратило силу - решением Жаркаинского районного маслихата Акмолинской области от 6 марта 2012 года № 5С-2/11

      Сноска. Утратило силу - решением Жаркаинского районного маслихата Акмолинской области от 06.03.2012 № 5С-2/11
      В соответствии с подпунктом 4) пункта 3 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», пунктом 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 753 «О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», Жаркаинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Жаркаинского районного маслихата «О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2011 год» от 11 апреля 2011 года № 4С-31/4 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1-12-147, опубликовано от 6 мая 2011 года в газете «Целинное знамя») следующее изменение:
      пункт 1 изложить в новой редакции:
      «1. Предоставить меры социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района, на 2011 год в виде подъемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю и бюджетного кредита на приобретение жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        Б.Аубакиров

      Секретарь
      районного маслихата                        Б.Швачкин

      «СОГЛАСОВАНО»

      Акима Жаркаинского района                  А.Калжанов

Жарқайың аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 4С-31/4 "2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы"шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С-36/2 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 қарашада № 1-12-152 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.03.06 № 5С-2/11 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының 1 тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жарқайың аудандық мәслихатының «2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 4С-31/4 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-147 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі 2011 жылға арналған әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық маслихат
      сессиясының төрағасы                       Б.Әубәкіров

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Б.Швачкин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов