Об организации социальных рабочих мест

Постановление акимата Коксуского района Алматинской области от 09 сентября 2011 года N 296. Зарегистрировано Управлением юстиции Коксуского района Департамента юстиции Алматинской области 23 сентября 2011 года N 2-14-114. Утратило силу - Постановлением акимата Коксуского района Алматинской области от 13 февраля 2012 года N 57

      Сноска. Утратило силу - Постановлением акимата Коксуского района Алматинской области от 13.02.2012 N 57.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

       В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, пункта 2 статьи 5, подпункта 5-4) статьи 7статьей 18-1 Закона Республики Казахстан "О занятости населения" от 23 января 2001 года акимат Коксуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать социальные рабочие места путем представления или создания временных рабочих мест для временного трудоустройства безработных из целевых групп (малообеспеченные, молодежь в возрасте до двадцати одного года, воспитанники детских домов, дети–сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет, одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей, граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республике Казахстан, признаны нуждающимся в постоянном уходе, помощи или надзоре, лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту), инвалиды, лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения, оралманы, выпускники организаций высшего и послевузовского образования, лица, уволенные в связи с ликвидацией работодателя – юридического лица либо прекращением деятельности работодателя – физического лица, сокращением численности или штата работников,) с частичной компенсацией затрат работодателей на оплату их труда, с учетом следующих особенности: количество рабочих мест, предназначенных для целевых групп, не ограничено, работа носит временный характер и для ее организации не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.
      2. Создание социального рабочего места осуществляется работодателем на основании договора с местным исполнительным органом. Договор должен содержать обязанности сторон, виды, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источник финансирования социальных рабочих мест.
      3. Установить размер ежемесячной заработной платы безработным из целевых групп, направленных на социальные рабочие места за счет средств, выделенных из местного бюджета, не ниже минимальной месячной зарплаты установленной законодательством Республики Казахстан.
      4. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Коксуского района" (Шаяхметова А.Н.) обеспечить:
      1) прием и направление безработных из целевых групп на социальные рабочие места.
      2) заключение договоров с работодателями, предоставляющими социальные рабочие места для безработных из целевых групп.
      5. Признать утратившими силу постановление акимата Коксуского района от 19 мая 2009 года N 102 "О созданий социальных рабочих мест по Коксускому району" (зарегистрированное в Государственном реестре регистрации нормативных правовых актов от 01 июня 2009 года за N 2-14-75, опубликованное в газете 5 июня 2008 года "Коксу таны" за N 23 (4437).
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Садыкову Алию Секергалиевну.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официально опубликования.

      Аким района                                М. Осербаев

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 09 қыркүйектегі N 296 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 23 қыркүйекте N 2-14-114 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2012.02.13 N 57 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабының 5-4)-тармақшасына18-1-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға әдейі арналған, жұмыс орындарының саны шектелмейтін жұмыс уақытша сипатта болатын және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындар мен бос орындар пайдаланылмайтын ерекшеліктерді ескере отырып, жұмыс берушілердің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін, нысаналы топтардағы (табысы аз адамдар, жиырма бір жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), мүгедектер, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар, бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар, оралмандар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер, жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар) жұмыссыздарды уақытша, жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы, әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтағы жұмыссыздардың айлық жалақысы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшеріне кем емес белгіленсін.
      4. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Н. Шаяхметова):
      1) Нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын қабылдау мен жолдауды.
      2) Нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушілермен келісім шарттар жасауын қамтамасыз етсін.
      5. Көксу ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 19 мамырдағы " Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 102 қаулысының, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 01 маусымда N 2-14-75 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 5 маусымдағы N 23 (4437) "Көксу таңы" газетінде жарияланған күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Өсербаев