Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 102 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 1 маусымда N 2-14-75 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы N 07 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011.01.12 N 07 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабындағы 5-тармақтың 5-4)-тармақшасына18-1-бабына сәйкес, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2 . "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыруға уәкілетті орган болып саналсын.
       3. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Айгүл Нұртайқызы Шаяхметова);
      1) халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
      2) 2009 жылға арналған ауданның бюджетінде көрсетілген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемін өтесін;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері келісім-шарт негізінде екінші банк деңгейіндегі жұмыс берушілердің есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын;
       4. "Көксу ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Серік Сапарұлы Нұрмұхамбетов) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.
       5. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 401 (Көксу ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 28 қаңтар күні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 2-14-51 болып енгізілген, 2008 жылы 8 ақпан күні N 6 (4368) "Көксу таңы" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
       6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
       7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Әбдірахманов

Көксу ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 19 мамырдағы
"Көксу ауданында әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру
туралы" N 102 қаулысына
қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс
берушілерді таңдау тәртібі.

      Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында жасалған.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіпте қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) жұмыссыздар – жұмысы, табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кірісіп кетуге әзір, еңбекке жарамды жастағы азаматтар;
      2) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында белгіленген адамдар топтары;
      3) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      4) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
       2. Тәртіп өтініш білдірген нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында жұмыс берушілерді таңдау тәртібін, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздерін, жұмыс берушілермен келісім-шарт жасауды анықтайды.
       3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жеке тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Еңбек, зейнетақымен қамту және әлеуметтік сақтандыру туралы заңдары өз күшін сақтайды.

2. Жұмыс берушімен жасалынатын келісім-шартта көрсетілетін негізгі талаптар

      4. Жұмыс берушілермен келісім-шарт жасау "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктеледі.
       5. Келісім-шартта көрсетілетін негізгі талаптар:
      1) жұмыс түрі және мерзімі;
      2) көлемі;
      3) мөлшері;
      4) еңбекақы төлеу шарттары;
      5) қаржыландыру көздері.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері

      6. Әлеуметтік жұмыс орындарында істейтін нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жеке еңбек шартында белгіленген атқарылған жұмыстың көлеміне, сапасына, күрделілігіне байланысты төленеді.
       7. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін тиісті өтемақы шығындары аудандық бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады