О внесении изменений в решение Сарысуского районного маслихата от 24 декабря 2010 года № 46-15 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарысускому району"

Решение маслихата Сарысуского района Жамбылской области от 7 ноября 2011 года № 56-4. Зарегистрировано Управлением юстиции Сарысуского района 22 ноября 2011 года за № 6-9-125. Утратило силу решением Сарысуского районного маслихата от 25 сентября 2013 года № 21-16

      Сноска. Утратило силу решением Сарысуского районного маслихата от 25.09.2013 № 21-16.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии со статьей-6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей-97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях» районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Сарысуского районного маслихата от 24 декабря 2010 года № 46-15 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарысускому району» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6-9-112, опубликованное 2 февраля 2011 года в газете «Сарысу» № 12) следующее изменение:
      в Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарысускому району, утвержденных указанным решением:
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилых домов (жилых зданий), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи на эти цели.
      Доля предельно-допустимых расходов семьи устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 7 процентов.»;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. Размер жилищной помощи не может превышать сумму фактических расходов на оплату расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.»;
      пункт 8 исключить:
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      «13. Суммы, начисленные на оплату расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за использованием жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде уполномоченным органом осуществляется через банки второго уровня по письменному заявлению получателей и могут перечисляться на лицевые счета соответствующих услугодателей (поставщиков услуг), а компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон – на лицевые счета абонентов.».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      Председатель сессии                        Секретарь районного
      районного маслихата                        маслихата
      Б. Ильясов                                 М. Есмаханов

Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 46-15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 7 қарашадағы N 56-4 шешімі. Сарысу аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қарашада 6-9-125 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйекте № 21-16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық  мәслихатының 25.09.2013 № 21-16 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 46-15 «Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-112 болып тіркелген, 2011 жылдың 2 ақпандағы № 12 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерінің:
      4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының шекті жол берілетін шығындарының үлесi отбасының жиынтық табысының 7 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.»;
      7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.»;
      8-тармағы алынып тасталсын:
      13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақысы соммалары уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсетушілердің (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына аударылыу мүмкін.».
      2. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Б. Ильясов                                 М. Есмаханов