Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 46-15 Шешімі. Сарысу аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қаңтарында 6-9-112 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымның № 5-5 шешімі

      Ескерту: Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық
      мәслихатының 2012.06.21 № 5-5 шешімімен.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қоса берiлiп отырған Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Т.Блалиев                                  М.Есмаханов

Сарысу аудандық мәслихатының
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 46-15 шешiмiмен бекiтiлген

Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрi қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Ережелерде келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      өтiнiш иесi (жеке тұлға) - жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген адам;
      уәкiлеттi орган – «Сарысу ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.
      3. Тұрғын үй көмегi бюджетте көзделген сома шегінде Сарысу ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының шекті жол берілетін шығындарының үлесi отбасының жиынтық табысының 7 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2011.11.07 № 56-4 Шешімімен.
      5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Мүгедектердi, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      6. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      7. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2011.11.07 № 56-4 Шешімімен.
      8.Алынып тасталды - Сарысу аудандық мәслихатының 2011.11.07 № 56-4 Шешімімен.
      9. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
      10. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
      11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2) электр қуаты нормалары (бiр айда):
      бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 50 киловатт;
      бес және одан да көп мүшелi отбасына – 200 киловатт;
      3) қатты отын нормалары (жылыту мерзімінде) - 49,75 килограмм 1 шаршы метрге.
      12. Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополиттік қызмтетті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіткен кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламды.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      13. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақысы соммалары уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсетушілердің (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына аударылыу мүмкін.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2011.11.07 № 56-4 Шешімімен.

4. Қорытынды ережелер

      14. Осы Ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады