Об установлении охранной зоны государственного учреждения "Маркакольский государственный природный заповедник" на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 02 июня 2011 года N 114. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 21 июня 2011 года за N 2548

      В соответствии со статьей 123 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, подпунктом 11) пункта 2 статьи 10 и статьями 1843пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года «Об особо охраняемых природных территориях», подпунктом 9) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», рассмотрев представленные проекты, в целях обеспечения особой охраны и защиты государственного учреждения «Маркакольский государственный природный заповедник» от неблагоприятного внешнего воздействия, Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить:
      1) охранную зону государственного учреждения «Маркакольский государственный природный заповедник» (далее - Заповедник) на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области шириной не менее 2 километров, без изъятия у землепользователей и собственников земельных участков;
      2) размеры и границы охранной зоны Заповедника согласно приложению к настоящему постановлению;
      3) режим и порядок природопользования на территории охранной зоны Заповедника в соответствии со статьей 43 и пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года «Об особо охраняемых природных территориях».
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Пинчука Г.В.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Аким области                               Б. Сапарбаев

      Согласовано:

      Начальник Восточно-Казахстанской
      областной территориальной
      инспекции лесного и
      охотничьего хозяйства                      А. Калмыков

Приложение
к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 02 июня 2011 года № 114

Размеры и границы охранной зоны государственного учреждения
«Маркакольский государственный природный заповедник»

      1. Общая площадь охранной зоны - 61437,5 гектар.
      2. На землях Курчумского района охранная зона расположена вдоль границы государственного учреждения «Маркакольский государственный природный заповедник» сплошной полосой, шириной не менее 2 километров.
      В охранную зону входят земли, принадлежащие государственному учреждению «Маркакольское государственное учреждение лесного хозяйства» - 33930,0 гектар, крестьянским хозяйствам - 11194,5 гектар и земли запаса - 16313,0 гектар.


      Начальник Восточно-Казахстанской
      областной территориальной
      инспекции лесного и
      охотничьего хозяйства                      А. Калмыков

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы аумағында "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 02 маусымдағы N 114 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 маусымда N 2548 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 1843-баптарына, 43-1-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, ұсынылған жобаларды қарап, «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесін қолайсыз сыртқы әсерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) жер учаскелерін жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен алмай, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы аумағында «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қорық) ені 2 километрден кем емес қорғау аймағы;
      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қорықтың қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары;
      3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-бабына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қорықтың қорғау аймағы аумағында табиғат пайдаланудың режимі мен тәртібі белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі                                Б. Сапарбаев

      Келісілді:

      Шығыс Қазақстан облыстық
      орман және аңшылық
      шаруашылығы аумақтық
      инспекциясының бастығы                     А. Калмыков

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 02 маусымдағы
№ 114 қаулысына
қосымша

«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің
қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары

      1. Қорғау аймағының жалпы аумағы - 61437,5 гектар.
      2. Күршім ауданының жерлерінде қорғау аймағы ені 2 километрден кем емес жаппай жолақ түрінде «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің шекарасын бойлай орналасқан.
      Қорғау аймағына «Марқакөл орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне тиісті - 33930,0 гектар, шаруа қожалықтарына тиісті - 11194,5 гектар және 16313,0 гектар босалқы жерлер кіреді. 

      Шығыс Қазақстан облыстық
      орман және аңшылық
      шаруашылығы аумақтық
      инспекциясының бастығы                     А. Калмыков