Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 43-баптарына, 43-1-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, ұсынылған жобаларды қарап, «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесін қолайсыз сыртқы әсерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) жер учаскелерін жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен алмай, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы аумағында «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қорық) ені 2 километрден кем емес қорғау аймағы;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қорықтың қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары;
3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-бабына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қорықтың қорғау аймағы аумағында табиғат пайдаланудың режимі мен тәртібі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Келісілді:
Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық
шаруашылығы аумақтық
инспекциясының бастығы А. Калмыков
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 02 маусымдағы
№ 114 қаулысына
қосымша
«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің
қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары
1. Қорғау аймағының жалпы аумағы - 61437,5 гектар.
2. Күршім ауданының жерлерінде қорғау аймағы ені 2 километрден кем емес жаппай жолақ түрінде «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің шекарасын бойлай орналасқан.
Қорғау аймағына «Марқакөл орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне тиісті - 33930,0 гектар, шаруа қожалықтарына тиісті - 11194,5 гектар және 16313,0 гектар босалқы жерлер кіреді.
Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық
шаруашылығы аумақтық
инспекциясының бастығы А. Калмыков