Об организации и обеспечении приписки граждан города Текели 1995 года рождения к призывному участку через отдел по делам обороны Ескельдинского района

Решение акима города Текели Алматинской области от 28 февраля 2012 года N 3. Зарегистрировано Управлением юстиции города Текели Департамента юстиции Алматинской области 1 марта 2012 года N 2-3-107. Утратило силу постановлением акимата города Текели Алматинской области от 26 декабря 2012 года N 5

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Текели Алматинской области от 26.12.2012 N 5.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

       В соответствии с пунктом 3 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе", подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года N 371 "Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан", в целях принятия граждан на воинский учет, определения их количества, годности к воинской службе, состояния здоровья и предварительного предназначения аким города Текели Р Е Ш И Л:
      1. Организовать и обеспечить приписку граждан мужского пола 1995 года рождения к призывному участку через государственное учреждение "Отдел по делам обороны Ескельдинского района" (по согласованию), расположенному по адресу: поселок Карабулак, улица Строительная, 13 в январе – марте 2012 года.
      2. Акиму поселка Рудничный (Сергей Дмитриевич Вишняков) и руководителям организаций (по согласованию) предоставить в сроки, установленные Министерством обороны Республики Казахстан списки допризывников, подлежащих приписке к призывному участку, в государственное учреждение "Отдел по делам обороны Ескельдинского района".
      3. Признать утратившим силу решение акима города Текели от 20 декабря 2010 года N 7 "Об организации и обеспечении приписки граждан 1994 года рождения города Текели к призывному участку отдела по делам обороны Ескельдинского района", зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Департамента юстиции Алматинской области от 18 января 2011 года N 2-3-88, опубликованное в газете "Текелі тынысы" от 28 января 2011 года N 4 (3007).
      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима города Текели Лепесова Сери Болысбаевича.
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима города Текели                        А. Канагатов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник отдела
      по делам обороны
      Ескельдинского района                      Асан Уахитулы  Канагатов
      28 февраля 2012 года

1995 жылы туылған Текелі қаласы азаматтарын Ескелді аудандық қорғаныс істер бөлімі арқылы шақыру учаскесіне тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Алматы облысы Текелі қаласының әкімінің 2012 жылғы 28 ақпандағы N 3 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 01 наурызда N 2-3-107 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы N 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 26.12.2012 N 5 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 17-бабының 3-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында Текелі қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Қарабұлақ кенті Строительная көшесі, 13 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Рудничный кентінің әкімі (Сергей Дмитриевич Вишняков) және ұйымдар басшылары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін "Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берсін.
      3. Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 18 қаңтарында 2-3-88 нөмірімен тіркелген, "Текелі тынысы" газетінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы 4(3007) нөмірінде жарияланған Текелі қаласы әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 7 "1994 жылы туылған Текелі қаласы азаматтарын Ескелді аудандық қорғаныс істер бөлімінің учаскесінде тізімге алуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы Лепесовқа жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласы әкімінің
      міндетін атқарушысы                        Ә. Қанағатов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ескелді аудандық қорғаныс
      істер жөніндегі бөлімінің
      бастығы                                    Асан Уахитұлы Қанағатов
      28 ақпан 2012 жыл