1994 жылы туылған Текелі қаласы азаматтарын Ескелді аудандық қорғаныс істер бөлімінің учаскесінде тізімге алуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысының Текелі қаласы әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 7 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 18 қаңтарда N 2-3-88 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласының әкімінің 2012 жылғы 28 ақпандағы N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласының әкімінің 2012.02.28 N 3 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында, Текелі қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында, Қарабұлақ кенті Строительная көшесі, 13 үй мекен-жайында орналасқан Ескелді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған Текелі қаласының азаматтары Ескелді ауданының қорғаныс істер бөлімі арқылы тізімге алынсын.
      2. "Ескелді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      3. Рудничный кентінің әкімі және ұйымдардың басшылары белгілеген мерзімде Ескелді аудандық қорғаныс істер жөніндегі басқармасына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
      4. Текелі қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "1993 жылы туылған Текелі қаласы азаматтарын Ескелді аудандық қорғаныс істер бөлімінің учаскесінде тізімге алуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы" N 5 шешімі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 26 қаңтарында N 2-3-73 тіркелген, 2010 жылдың 5 ақпандағы қалалық "Текелийский рабочий" газетінің N 6 жарияланған шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Баяхметқызы Маупашеваға жүктелсін.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі                     С. Бескемпіров

      КЕЛІСІЛДІ

      Қалалық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          Сәкен Әубәкірұлы Райымбеков
      20 желтоқсан 2010 жыл

      Ескелді аудандық
      қорғаныс істер жөніндегі
      бөлімінің бастығы                          Асан Уахитұлы Қанағатов
      20 желтоқсан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады