Об установлении размера ставок фиксированного налога с единицы объекта налогообложения на территории города Жезказгана

Решение Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 19 марта 2012 года N 4/27. Зарегистрировано Управлением юстиции города Жезказган Карагандинской области 24 апреля 2012 года N 8-2-154. Утратило силу решением Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 11 мая 2016 года N 2/22

      Сноска. Утратило силу решением Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 11.05.2016 N 2/22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Жезказганский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить размеры ставок фиксированного налога с единицы объекта налогообложения на территории города Жезказгана согласно приложению.
      2. Признать утратившим силу решение Жезказганского городского маслихата от 23 декабря 2010 года N 28/334 "Об установлении размера ставок фиксированного налога с единицы объектов налогообложения на территории города Жезказгана" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 8-2-134, опубликованное 21 января 2011 года N 3 (7701) в газете "Сарыарқа" и 21 января 2011 года N 3 (247) в газете "Жезказганская правда").
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии
Филипович С.В.
Секретарь городского маслихата
Медебаев С.Т.

      

  Приложение к решению
Жезказганского городского маслихата
от 19 марта 2012 года N 4/27

Размеры ставок фиксированного налога на единицу объекта налогообложения в месяц на территории города Жезказгана

N
Наименование объекта налогообложения
Ставка фиксированного налога на 1 объект (в месячном расчетном показателе)
1.
Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с одним игроком
2
2.
Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с участием более одного игрока
2
3.
Персональный компьютер, используемый для проведения игры
3
4.
Игровая дорожка
25
5.
Карт
4
6.
Бильярдный стол
17

      

Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы N 4/27 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 сәуірде N 8-2-154 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы N 2/22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 11.05.2016 N 2/22 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері белгіленсін.
      2. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/334 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-134 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 21 қаңтарындағы N 3 (7701) "Сарыарқа" газетінде және 2011 жылдың 21 қаңтарындағы N 3 (247) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Филипович С.В.
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Медебаев С.Т.

      

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2012 жылғы 19 наурыздағы N 4/27 шешіміне
қосымша

Жезқазған қаласы аумағында айына салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері

N
Салық салу объектісінің атауы
1 объектіге тіркелген салық ставкасының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
2
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
3
4.
Ойын жолы
25
5.
Карт
4
6.
Бильярд үстелі
17