Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/334 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 қаңтарда N 8-2-134 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы N 4/27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012.03.19 N 4/27 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері белгіленсін.
      2. Жезқазған қалалық мәслихатының "2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/286 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-119 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 6 тамызындағы N 57 (7674) "Сарыарқа" газетінде және 2010 жылдың 13 тамызындағы N 53 (223) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Әбдіров Қ.С.

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жезқазған қаласы бойынша                  Ахметов Батырлан
      салық басқармасы" мемлекеттік              Дүйсенбайұлы
      мекемесінің бастығы
      23.12.2010 ж.

Жезқазған қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
N 28/334 шешіміне қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері

N

Салық салу объектісінің атауы

1 объектіге тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

Белгіленген жиынтық салықтың соммасы бір жылға

Белгіленген жиынтық салықтың соммасы бір айға

Белгіленген жиынтық салық

Белгіленген жиынтық салық

Белгіленген жиынтық салық

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

18144

1512

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

18144

1512

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

36288

3024

4.

Ойын жолы

17

308448

25704

5.

Карт

4

72576

6048

6.

Бильярд үстелі

17

308448

25704

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады