Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/22 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 мамырда № 3829 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/216 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 22.05.2018 № 23/216 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері белгіленсін.

      2. Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 4/27 "Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8-2-154 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 4 мамырдағы № 19 (7769) "Сарыарқа" газетінде және 2012 жылғы 4 мамырдағы № 18 (314) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Х. Бөлен
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 2/22 шешіміне қосымша

Жезқазған қаласы аумағында айына салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Салық салу объектісінің атауы

1 объектіге тіркелген салық ставкасының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4

Ойын жолы

10

5

Карт

4

6

Бильярд үстелі

9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады