Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление Уланского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 01 ноября 2012 года N 437. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 21 ноября 2012 года N 2726. Утратило силу постановлением Уланского районного акимата от 27 января 2014 года N 384

      Сноска. Утратило силу постановлением Уланского районного акимата от 27.01.2014 N 384.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», в целях социальной защиты лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, испытывающих трудности в поиске работы, для обеспечения их занятости, акимат Уланского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Признать утратившими силу следующие постановления акимата:
      1) от 6 октября 2011 года № 647 «Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций и лиц, освободившихся из мест лишения свободы» (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-17-152, опубликованного в газете «Ұлан таңы» № 82 от 4 ноября 2011 года);
      2) от 22 ноября 2011 года № 717 «О внесении изменения в постановление от 6 октября 2011 года № 647 «Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций и лиц, освободившихся из мест лишения свободы» (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-17-156, опубликованного в газете «Ұлан таңы» № 98 от 30 декабря 2011 года).
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ибраева А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Аким Уланского района                      С. Туленбергенов

Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қарашадағы N 437 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 қарашада N 2726 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 384 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 27.01.2014 N 384 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындықтары бар қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Әкімдіктің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) 2011 жылғы 6 қазандағы № 647 «Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-152 тіркеліп, 2011 жылғы 4 қарашасында № 82 «Ұлан таңы» газетінде жарияланған);
      2) 2011 жылғы 22 қарашадағы № 717 «2011 жылғы 6 қазандағы № 647 «Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-156 тіркеліп, 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 98 «Ұлан таңы» газетінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Ұлан ауданының әкімі                       С. Туленбергенов