Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2012.11.01 қарашадағы N 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және жұмыс іздеуде қиындықтары бар интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ұлан ауданы әкімдігінің 2011.11.22 № 717 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бip пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Д. Мусинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Муратов