2011 жылғы 6 қазандағы N 647 "Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 717 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 30 қарашада N 5-17-156 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қарашадағы N 437 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2012.11.01 қарашадағы N 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 20-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 «Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресiмдеудiң және келiсудiң кейбiр мәселелерi туралы» қаулысының 24-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 6 қазандағы № 647 «Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2011 жылғы 21 қазанда 5-17-152 нөмірімен тіркелген, «Ұлан таңы» газетiнiң 2011 жылғы 4 қарашадағы № 82 санында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және жұмыс іздеуде қиындықтары бар интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Д. Мусинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Ж. Муратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады