О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам религий от 30 октября 2012 года № 112 "Об утверждении Инструкции по отбору экспертов для проведения религиоведческой экспертизы"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам религий от 23 декабря 2013 года № 50. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 января 2014 года № 9103. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта РК от 30.12.2014 № 162 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 6 Правил проведения религиоведческой экспертизы, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2012 года № 209, и постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2013 года № 411 «О некоторых вопросах лимитов штатной численности министерств, иных центральных и местных исполнительных органов и упразднении некоторых государственных учреждений», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам религий от 30 октября 2012 года № 112 «Об утверждении Инструкции по отбору экспертов для проведения религиоведческой экспертизы» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8116, опубликованный в газетах «Казахстанская правда» от 16 января 2013 года № 14-15 (27288-27289) и «Егемен Қазақстан» от 16 января 2013 года № 22 (27961) следующие изменения:
      в Инструкции по отбору экспертов для проведения религиоведческой экспертизы, утвержденной указанным приказом:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Агентством Республики Казахстан по делам религий (далее – Агентство) размещает на официальном сайте «www.din.gov.kz» объявление о предстоящем отборе экспертов для проведения религиоведческой экспертизы.»;
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Для участия в отборе экспертов кандидат представляет в Комиссию по отбору экспертов для религиоведческой экспертизы, создаваемую Агентством (далее – Комиссия), следующие документы:
      1) копию удостоверения личности или паспорта (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригиналов для сверки);
      2) копию документа об образовании с приложением (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригиналов для сверки);
      3) копии статей, научных трудов и других материалов по религиоведческой тематике, автором которых является (при наличии);
      4) копию документов, подтверждающих трудовую деятельность (нотариально засвидетельствованную).»;
      пункты 567 изложить в следующей редакции:
      «5. Комиссия назначается приказом Председателя Агентства и состоит из нечетного количества членов в составе не менее трех человек. Из числа членов данной комиссии назначается председатель.
      В состав Комиссии включаются сотрудники отраслевого департамента Агентства, руководители республиканских государственных учреждений Агентства либо их заместители. Заседание комиссии является правомочным при наличии не менее трех ее членов. Решения комиссии принимаются путем открытого голосования и оформляются протоколом. Протокол оформляет секретарь Комиссии и подписывается председателем, членами Комиссии.
      6. Регистрация документов для участия в отборе осуществляется в случае предоставления всех документов, указанных в пункте 4 настоящей Инструкции. При регистрации документов выдается расписка о принятии документов.
      7. Отбор осуществляется в три этапа:
      1) первый этап – рассмотрение документов на соответствие требованиям, указанным в подпунктах 1)-3) пункта 2 настоящей Инструкции;
      2) второй этап – проведение тестирования по утвержденным Агентством вопросам;
      3) третий этап – рассмотрение результатов отбора первого и второго этапа Комиссией.»;
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      «12. Дата тестирования назначается через 15 (пятнадцать) календарных дней после направления уведомления.»;
      пункты 1720 исключить;
      пункт 18 изложить в следующей редакции:
      «18. Комиссия в течение 7 (семи) рабочих дней, изучив материалы по первому и второму этапам отбора, выносит окончательное решение об отборе экспертов, подготавливает персональную рекомендацию по каждому кандидату в эксперты.».
      2. Департаменту межконфессиональных отношений (Кулекеев Б.К.) совместно с Управлением правового обеспечения (Жуанышпаева А.Т.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию в органах юстиции;
      2) после государственной регистрации официальное опубликование.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя (Шойкина Г.Н.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель                               М. Азильханов

"Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 қаңтарда № 9103 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2014 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидасының 6-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 29 сәуірдегі № 411 «Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері және кейбір мемлекеттік мекемелерді тарату туралы» қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8116 тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 14-15 (27288-27289) «Казахстанская правда» және 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 22 (27961) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі Нұсқаулықта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) алдағы өтетін дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу туралы хабарландыруды «www.din.gov.kz» ресми сайтына орналастырылады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сарапшыларды іріктеуге қатысу үшін үміткер Агенттік құратын дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі Комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат немесе төлқұжаттың көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      2) білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      3) өзі авторы болып табылатын дінтанулық тақырыптар бойынша мақалалар, ғылыми еңбектер және басқа материалдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (нотариалды куәландырылған).»;
      567–тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Комиссия Агенттік Төрағасының бұйрығымен құрылады және мүшелерінің саны тақ болатын құрамда кемінде үш адамнан тұрады. Аталған комиссия мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады.
      Комиссияның құрамына Агенттіктің салалық департаментінің қызметкерлері, Агенттіктің республикалық мемлекеттік мекемелерінің басшылары немесе олардың орынбасарлары енгізіледі. Комиссия отырысы құрамында кемінде оның үш мүшесі қатысқан жағдайда заңды деп табылады. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Хаттаманы Комиссия хатшысы рәсімдейді және Комиссия төрағасы, мүшелері қол қояды.
      6. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынған жағдайда іріктеуге қатысу үшін құжаттарды тіркеу жүзеге асырылады. Құжаттарды тіркеу кезінде құжаттардың қабылданғандығы жөнінде қолхат беріледі.
      7. Іріктеу үш кезеңмен жүзеге асырылады:
      1) бірінші кезең – құжаттардың осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 1)-3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру;
      2) екінші кезең – Агенттік бекіткен сұрақтар бойынша тестілеуді өткізу;
      3) үшінші кезең – Комиссияның іріктеудің бірінші және екінші кезеңінің нәтижелерін қарастыруы.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Тестілеу мерзімі хабарлама жіберілгеннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен соң белгіленеді.»;
      1720-тармақтар алынып тасталсын;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Комиссия 7 (жеті) жұмыс күні ішінде іріктеудің бірінші және екінші кезеңдері бойынша материалдарды зерттеп, сарапшыларды іріктеу жөнінде соңғы шешімді шығарады, әрбір сарапшылыққа үміткер бойынша жеке ұсыныстар дайындайды.».
      2. Конфессияаралық қатынастар департаментіне (Б.К. Күлекеев) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Ә.Т. Жуанышпаева) бірлесе отырып:
      1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасарына (Ғ.Н. Шойкин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Төраға                                     М. Әзілханов