Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері және кейбір мемлекеттік мекемелерді тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 411 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балаларды қорғау комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері таратылсын.
      2. Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті 5 420 бірлікке ұлғайтылсын, оның ішінде:
      1) мыналардың есебінен ауылдық округтер, кенттер, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдар әкімдерінің аппараттарын 4 869 бірлікке нығайтуға:
      Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінің әскери қызметшілерін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарының және олардың ведомстволарының санын қысқарту (оның ішінде бос орындар есебінен) – 4 006 бірлік;
      мына:
      Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің – 224 бірлік;
      Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің – 139 бірлік аумақтық органдарын – мемлекеттік мекемелерін тарату;
      жергілікті атқарушы органдардың облыстық құрылымдарының штат санын 500 бірлікке мыналар арқылы оңтайландыру:
      облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарын 216 бірлікке қысқарту;
      облыстық басқармаларды қайталайтын облыстардың жергілікті атқарушы органдары әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелерін 94 бірлікке оңтайландыру;
      облыстардың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармаларын 190 бірлікке тарату (қысқартылған штат саны Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қарауында қалатын Астана және Алматы қалалары басқармаларын қоспағанда);
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің таратылған 131 бірлігі есебінен облыстарда, Астана және Алматы қалаларында балалардың құқықтарын қорғау басқармаларын құруға;
      3) жекелеген орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарының функцияларын беруге байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына 920 бірлік мөлшеріндегі штат санының лимиті, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінен – 462 бірлік, Дін істері агенттігінен – 86 бірлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінен – 372 бірлік қайта бөлінсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерiн «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен бекітілген штат санының лимиттерiн сақтай отырып, 3-қосымшада көзделген штат санының лимиттері шегiнде бекiтсiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына жеткiзсiн;
      2) «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына 1-қосымшамен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат саны шегінде кенттер, ауылдар, ауылдық округтер санының белгіленген нормативінен артық қосымша штат санын жылына бір реттен жиілетпей бөлуге рұқсат берілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;

      2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары штат санының лимитi осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 744 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымша алынып тасталсын;
      4) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:
      3-бағанда «128255» деген сандар «128114» деген сандармен ауыстырылсын;
      мына:

      «


Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:

45596

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

2566

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

2697

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

2306

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

4396

Алматы облысының Ішкі істер департаменті

2894

Атырау облысының Ішкі істер департаменті

1855

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4426

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

2307

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

1931

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

5027

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

1721

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті

2811

Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

1849

Павлодар облысының Ішкі істер департаменті

2345

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

2140

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4325

                                                                    »

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «


Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:

45455

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

2560

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

2687

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

2301

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

4387

Алматы облысының Ішкі істер департаменті

2886

Атырау облысының Ішкі істер департаменті

1850

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4408

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

2301

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

1925

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

5010

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

1716

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті

2799

Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

1844

Павлодар облысының Ішкі істер департаменті

2337

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

2132

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4312

                                                                   »;

      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 3-бөлімде:
      3-бағанда «22935» деген сандар «22841» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып» деген 4-бөлімде:
      3-бағанда «373» деген сандар «348» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 6-бөлімде:
      3-бағанда «7196» деген сандар «6322» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:» деген 7-бөлімде:
      3-бағанда «1433» деген сандар «905» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:» деген 8-бөлімде:
      3-бағанда «1465» деген сандар «1175» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 9-бөлімде:
      3-бағанда «20249» деген сандар «18487» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 11-бөлімде:
      3-бағанда «4542» деген сандар «4200» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 12-бөлімде:
      3-бағанда «2658,5» деген сандар «2371,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 13-бөлімде:
      3-бағанда «8736» деген сандар «8198» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 15-бөлімде:
      3-бағанда «1203» деген сандар «1164» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып:» деген 16-бөлімде:
      3-бағанда «5287» деген сандар «5142» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып» деген 19-бөлімде:
      3-бағанда «3170» деген сандар «2892» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік), оның аумақтық органдарын ескере отырып» деген 22-бөлімде:
      3-бағанда «216» деген сандар «203» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:» деген 24-бөлімде:
      3-бағанда «206» деген сандар «120» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып:» деген 26-бөлімде:
      3-бағанда «926» деген сандар «865» деген сандармен ауыстырылсын;
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      5. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң      
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 411 қаулысына   
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдары -
мемлекеттік мекемелерінің таратылатын тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облыстық департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе облыстық департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Атырау облыстық департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жамбыл облыстық департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қарағанды облыстық департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қызылорда облыстық департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Павлодар облыстық департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң      
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 411 қаулысына   
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балаларды
қорғау комитетінің аумақтық органдары -
мемлекеттік мекемелерінің таратылатын тізбесі

      1. Ақмола облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      2. Ақтөбе облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      3. Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      4. Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      5. Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      6. Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      7. Батыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      8. Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      9. Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      10. Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      11. Маңғыстау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      12. Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      13. Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      14. Оңтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      15. Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
      16. Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң      
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 411 қаулысына   
3-қосымша       

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінiң        
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысына     
1-қосымша        

Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және
облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының
шекті саны

Өңірлер

Барлығы, штат саны* (бірлік)

Облыстың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларының саны (бірлік)

1

2

3

Ақмола

3242

4

Ақтөбе

2468

4

Алматы

4058

5

Атырау

1569

5

Шығыс Қазақстан

3997

5

Жамбыл

2651

4

Батыс Қазақстан

2280

5

Қарағанды

3467

5

Қостанай

3488

4

Қызылорда

1893

5

Маңғыстау

1225

5

Павлодар

2806

4

Солтүстік Қазақстан

2667

4

Оңтүстік Қазақстан

4404

5

Алматы қаласы

1203

5

Астана қаласы

817

5

ЖИЫНЫ:

42235

74

      «Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.
      Халқының саны 250000 адамнан аз аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.
      * Саны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң штат санын ескере отырып көрсетілген және әкiмдер аппараттарының және облыстар, Алматы және Астана қалалары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшiлерi санын қамтиды.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң      
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 411 қаулысына   
4-қосымша       

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінiң        
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысына     
2-қосымша        

Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары штат
санының лимитi

Әкімшілiк-аумақтық бiрлiк халқының саны (мың адам)

Әкiмдер аппараттарының штат саны (бiрлiк)

Оның iшiнде әкiмдердiң орынбасарлары (бiрлiк)

Кент, ауыл, ауылдық округ



1,5-ға дейiн

3-5


1,5-нан 3-ке дейiн

5-7


3-тен 5-ке дейiн

7-8


5-тен 10-ға дейiн

8-10

1

10-нан 20-ға дейiн

10-15

1

20-дан 40-қа дейiн

15-18

2

40-тан астам

18-20

2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады