О внесении изменений и дополнения в решение Актогайского районного маслихата от 10 апреля 2012 года N 31 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района"

Решение 11 сессии Актогайского районного маслихата Карагандинской области от 13 февраля 2013 года N 109. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 12 марта 2013 года N 2221

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Актогайского районного маслихата от 10 апреля 2012 года N 31 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-10-148, опубликовано в газете "Тоқырауын тынысы" от 18 мая 2012 года N 22 (7339)) следующие изменения и дополнение:
      пункты 7 и 8 Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района, утвержденных указанным решением (далее - Правила) исключить;
      пункт 2 Правил изложить в новой редакции:
      "2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности, на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.";
      подпункты 1) и 2) пункта 11 Правил исключить;
      пункт 17 Правил дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      "4-1) квитанцию – счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме;".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, секретарь
      районного маслихата                        М. Онгаркулов

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник отдела занятости
      и социальных программ
      Актогайского района                        Т. Жармаганбетов
      13 февраля 2013 год

Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 31 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2013 жылғы 13 ақпандағы N 109 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 наурызда N 2221 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 31 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-10-148 болып тіркелген, "Тоқырауын тынысы" 2012 жылғы 18 мамырдағы N 22 (7339) газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнің (бұдан әрі - Ереже) 7 және 8 тармақтары алынып тасталынсын;
      Ереженің 2 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.";
      Ереженің 11 тармағының 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын;
      Ереженің 17 тармағы келесі мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын түбiртек-шот;".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы                           М. Оңғарқұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы            Т. Жармағанбетов
      13 ақпан 2013 жыл