О внесении изменений и дополнения в решение Осакаровского районного маслихата от 25 октября 2011 года N 414 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Осакаровского района"

Решение 16 сессии Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 27 марта 2013 года N 160. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 22 апреля 2013 года N 2313. Утратило силу решением Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 17 мая 2024 года № 19/188

      Сноска. Утратило силу решением Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 17.05.2024 № 19/188 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Осакаровского районного маслихата от 25 октября 2011 года N 414 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Осакаровского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-15-151, опубликовано в газете "Сельский труженик" от 22 ноября 2011 года N 47 (7271)), внесены изменения и дополнения решением Осакаровского районного маслихата от 13 марта 2012 года N 27 "О внесении изменений и дополнений в решение 52 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 октября 2011 года N 414 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Осакаровского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-15-166, опубликовано в газете "Сельский труженик" от 14 апреля 2012 года N 15 (7291)), внесены изменения решением 11 сессии Осакаровского районного маслихата от 9 ноября 2012 года N 111 "О внесении изменений в решение 52 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 октября 2011 года N 414 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Осакаровского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2002, опубликовано в газете "Сельский труженик" от 15 декабря 2012 года N 50 (7326)) следующие изменения и дополнение:

      1) пункт 1 Правил изложить в новой редакции:

      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:

      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;

      стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.";

      2) в первом абзаце пункта 2 Правил слова "капитальный ремонт и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума, на оплату содержания жилья" заменить словами "содержание жилого дома (жилого здания)";

      3) в пункте 3 Правил:

      подпункт 2) изложить в новой редакции:

      "2) коммунальные услуги – услуги, оказываемые в жилом доме (жилом здании) и включающие водоснабжение, канализацию, газоснабжение, электроснабжение, теплоснабжение, мусороудаление;";

      подпункт 10) изложить в новой редакции:

      "10) счет – это документ на оплату коммунальных услуг, расходов на содержание жилого дома (жилого здания), в том числе капитальный ремонт и (или) взносы на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, арендной платы за пользование жилищем, услуг связи, предоставляется на электронном носителе поставщиками услуг либо на бумажном носителе заявителем за период назначения жилищной помощи;";

      4) в подпункте 9) пункта 19 Правил знак "." заменить на знак ";";

      5) пункт 19 Правил дополнить подпунктом 10) следующего содержания:

      "10) квитанцию – счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.";

      6) пункт 24 Правил изложить в новой редакции:

      "24. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по социальной политике (Бережной В.В.).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

П. Луцук

Секретарь районного маслихата

К. Саккулаков


Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 16 сессиясының 2013 жылғы 27 наурыздағы N 160 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 сәуірде N 2313 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 19/188 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 17.05.2024 № 19/188 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-151 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы N 47 (7271) "Сельский труженик" газетінде жарияланған), Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 наурыздағы N 27 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-166 болып енгізілген, 2012 жылғы 14 сәуірдегі N 15 (7291) "Сельский труженик" газетінде жарияланған), Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 қарашадағы 11 сессиясының N 111 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2002 болып енгізілген, 2012 жылғы 15 желтоқсандағы N 50 (7326) "Сельский труженик" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) Ереженің 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;

      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";

      2) Ереженің 2-тармағының бірінші абзацындағы "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді" сөздері "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)" сөздеріне ауыстырылсын;

      3) Ереженің 3-тармағында:

      2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкетуді қамтитын қызметтер;";

      10) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "10) шот – тұрғын үй көмегін тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште не қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште өтініш берушімен ұсынылатын коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға шығыстар, оның ішінде кондоминиум объектісін ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу, байланыс қызметтер ақысын төлеу құжаты;";

      4) Ереженің 19-тармағының 9) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;

      5) Ереженің 19-тармағы келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақытты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.";

      6) Ереженің 24-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "24. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (В.В. Бережной) жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

П. Луцук

Аудандық мәслихаттың хатшысы

К. Саккулаков