Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Осакаров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | К. Саккулаков |
Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 19/188 шешіміне 1-қосымша |
Осакаров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Осакаров ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі он (10) процент мөлшерінде айқындалды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 19/188 шешіміне 2-қосымша |
Осакаров аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-15-151 болып тіркелген) шешімі.
2. Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 наурыздағы № 27 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-15-166 болып тіркелген) шешімі.
3. Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 қарашадағы № 111 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2002 болып тіркелген) шешімі.
4. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 160 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2313 болып тіркелген) шешімі.
5. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 260 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2524 болып тіркелген) шешімі.
6. Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 334 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2697 болып тіркелген) шешімі.
7. Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы № 610 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3704 болып тіркелген) шешімі.
8. Осакаров аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 478 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген) шешімі.
9. Осакаров аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 793 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5673 болып тіркелген) шешімі.
10. Осакаров аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 43 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6250 болып тіркелген) шешімі.