Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности

Решение маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 25 октября 2013 года № 184. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 15 ноября 2013 года № 4295. Утратило силу решением маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 29 июля 2015 года № 319

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 29.07.2015 № 319 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Заголовок в редакции решения маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 19.03.2014 № 224 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, пункта 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" от 8 июля 2005 года и статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Мендыкаринский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет средств районного бюджета.
      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 19.03.2014 № 224 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Признать утратившим силу:
      решение районного маслихата от 22 декабря 2009 года № 259 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам образования, культуры, социального обеспечения работающим в аульной (сельской) местности", (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9-15-120, опубликовано 7 января 2010 года в районной газете "Меңдіқара үні").
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        К. Уразбеков

      Секретарь
      районного маслихата                        В. Леонов

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного
      учреждения "Отдел экономики
      и бюджетного планирования
      Мендыкаринского района"
      ______________ Г. Айсенова

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лаузымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № 184 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 қарашада № 4295 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 319 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 29.07.2015 № 319 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 19.03.2014 № 224 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 4-тармағына, және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 19.03.2014 № 224 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 259 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-120 тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтарда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            К. Оразбеков

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Леонов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ Г. Айсенова