Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 259 шешімі. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 желтоқсанда № 9-15-120 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № 184 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 25.10.2013 № 184 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2–тармағына, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               В. Леонов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы
      Қостанай облысы Меңдіқара ауданы
      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджет жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Г. Айсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады