О внесении изменений в решение XXXVI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 18 января 2011 года № 395 "О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы"

Решение ХХIII сессии маслихата города Алматы V созыва от 19 декабря 2013 года N 198. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 14 января 2014 года N 1019. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 15 сентября 2015 года № 367

       Сноска. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 15.09.2015 № 367 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 1 статьи 6 и пунктом 4 статьи 47 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании», маслихат города Алматы V-го созыва РЕШИЛ:
      1. Внести в решение XXXVI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 18 января 2011 года № 395 «О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы» (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 882, опубликованного 22 февраля 2011 года в газетах «Алматы Ақшамы» и «Вечерний Алматы») следующие изменения:
      приложение, утвержденное указанным решением, изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему решению.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии маслихата города Алматы по вопросам благоустройства и коммунальной собственности Б. Шин и заместителя акима города Алматы Ю. Ильина (по согласованию).
      3. Секретарю маслихата города Алматы Т. Мукашеву произвести государственную регистрацию нормативного правового акта в Департаменте юстиции города Алматы.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXIII-й сессии
      маслихата города Алматы
      V-го созыва                             И. Ли

      Секретарь маслихата
      города Алматы V-го созыва               Т. Мукашев

Согласовано:

Заместитель акима
города Алматы                                 Ю. Ильин
Заместитель акима
города Алматы                                 М. Кудышев
Руководитель
Управления пассажирского
транспорта города Алматы                      Т. Абдрахманов
Руководитель Управления
экономики и бюджетного
планирования города Алматы                    С. Кабдулов
Руководитель
Управления занятости и
социальных программ города Алматы             А. Кульмаханов
Руководитель
Управления по делам молодежной
политики города Алматы                        С. Бокаев
Руководитель
Управления образования
города Алматы                                 Р. Шимашева
Руководитель Управления
финансов города Алматы                        А.Абдыкадырова
Руководитель
юридического отдела
аппарата акима города Алматы                  А. Касымова

Приложение
к решению XXIII–й сессии маслихата
города Алматы V-го созыва
от 19 декабря 2013 года № 198

Приложение
к решению XXXVI–й сессии маслихата города
Алматы IV–го созыва от 18 января 2011 года № 395

Виды и стоимость
льготных месячных проездных билетов для проезда
на городском общественном транспорте города Алматы
(автомобильном и городском электрическом, кроме
такси) отдельным категориям нуждающихся граждан,
проживающих в городе Алматы

      1. Льготный месячный проездной билет учащегося общеобразовательной школы старше 15 лет - стоимостью 2000 (две тысячи) тенге.
      1000 (одна тысяча) тенге стоимости билета возмещается перевозчикам за счет средств местного бюджета, а 1000 (одна тысяча) тенге оплачивается учащимся.
      2. Льготный месячный проездной билет учащегося технического и профессионального образования, студента высшего учебного заведения - стоимостью 5600 (пять тысячи шестьсот) тенге.
      2800 (две тысячи восемьсот) тенге возмещается перевозчикам за счет за счет средств местного бюджета, а 2800 (две тысячи восемьсот) тенге оплачивается учащимся или студентом.
      3. Льготный месячный проездной билет пенсионера по возрасту стоимостью 4000 (четыре тысячи) тенге.
      2000 (две тысячи) тенге возмещается перевозчику за счет средств местного бюджета, а 2000 (две тысячи) тенге оплачивается пенсионером.
      4. Льготный месячный проездной билет участника и (или) инвалида Великой Отечественной войны стоимостью 1600 (одна тысяча шестьсот) тенге. Стоимость билета полностью оплачивается за счет средств местного бюджета.

      Примечание: Стоимость льготных месячных проездных билетов установлена из расчета стоимости проезда на общественном транспорте - 80 (восемьдесят) тенге за одну поездку. При изменении тарифа на проезд стоимость проездного билета изменяется пропорционально тарифу.

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХXXVI сессиясының "Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) жол ақы жеңілдігін беру туралы" 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 395 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы N 198 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда N 1019 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 15.09.2015  № 367 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына және 47 бабының 4 тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.-IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХXXVI сессиясының «Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) жол ақы жеңілдігін беру туралы» 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 395 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 882 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 ақпандағы «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2.-Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
      3.-Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.-Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      XXІII сессиясының төрағасы            И. Ли

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                  Т. Мұқашев

Келісілді:

Алматы қаласы
әкімінің орынбасары                         Ю. Ильин
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары                         М. Құдышев
Алматы қаласы Жолаушылар көлігі
басқармасының басшысы                       Т. Әбдірахманов
Алматы қаласы Экономика және
бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы                       С. Қабдолов
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы                       Ә. Құлмаханов
Алматы қаласы Жастар саясаты
мәселелері жөніндегі
басқармасының басшысы                       С. Боқаев
Алматы қаласы Білім
басқармасының басшысы                       Р. Шимашева
Алматы қаласы Қаржы
басқармасының басшысы                       А. Әбдіқадырова
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы                       А. Қасымова

V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXІII сессиясының
2013 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 198 шешіміне
қосымша

IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXXVІ сессиясының
2011 жылғы 18 қаңтардағы
№ 395 шешіміне
қосымша

Алматы қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Алматы қаласының қалалық қоғамдық (таксиден басқа, автомобиль және қалалық электр) көліктеріндегі жолақы үшін жеңілдікті айлық жол жүру билеттерінің түрлері және құны

      1.-15 жастан жоғары жалпы білім беру мектебі оқушыларының жеңілдік айлық жол жүру билеті - бағасы 2000 (екі мың) теңге.
      Билет құнының 1000 (бір мың) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 1000 (бір мың) теңгесі оқушылардың билет алған ақшасынан төленеді.
      2.-Техникалық және кәсіби білім беру орындарында оқитын білім алушыларға, жоғарғы оқу орындары студенттерінің айлық жол жүру билеті -бағасы 5600 (бес мың алты жүз) теңге.
      Билет құнының 2800 (екі мың сегіз жүз) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 2800 (екі мың сегіз жүз) теңгесі білім алушылардың немесе студенттердің билет алған ақшасынан төленеді.
      3.-Жасына қарай зейнеткерлердің айлық жол жүру билеті–бағасы 4000 (төрт мың) теңге.
      Билет құнының 2000 (екі мың) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 2000 (екі мың) теңгесі зейнеткерлердің билет алған ақшасынан төленеді.
      4.-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдетілген айлық жол жүру билеті - бағасы 1600 (бір мың алты жүз) теңге. Билеттің құны толығымен жергілікті бюджет қаражатының есебінен төленеді.

      Ескерту: Айлық жол жүру билетінің бағасы қоғамдық көліктердегі жол ақысы төлемінің бір жол жүру ақысы 80 (сексен) теңге есебінен белгіленді. Айлық жол жүру билетінің бағасы жол жүру бағасы өзгерген кезде белгіленген бағаға мөлшерлес өзгереді.