О внесении изменений в решение Кентауского городского маслихата от 2 мая 2012 года № 29 "О размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Кентау"

Решение Кентауского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 11 декабря 2013 года № 130. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 19 декабря 2013 года № 2443. Утратило силу решением Кентауского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 30 марта 2017 года № 74

      Сноска. Утратило силу решением Кентауского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 30.03.2017 № 74 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 2 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам энергосбережения и повышения энергоэффективности", Кентауский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Кентауского городского маслихата от 2 мая 2012 года № 29 "О размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Кентау" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14-3-130, опубликовано 12 мая 2012 года в газете "Кентау") следующие изменения:
      В размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Кентау, утвержденных указанным решением:
      пункты 2 и 3 изложить в следующей редакции:
      "2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности, на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увелечения абонентской платы за телефон, подключенных к сети телекоммуникации, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно- допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.";
      подпункт 9) пункт 8 исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2014 года.
      Председатель сессии
      городского маслихата Д. Хабибова
      Секретарь городского маслихата К. Сырлыбаев

Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 "Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 130 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 желтоқсанда № 2443 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 74 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 30.03.2017 № 74 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 "Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-130 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Кентау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
      2 және 3 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
      8 тармақтың 9 тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы Д.Хабибова
      Қалалық мәслихат хатшысы К.Сырлыбаев