Об утверждении Правил выдачи субъектам легализации документа, подтверждающего внесение (перевод) денег на сберегательный счет, а также ведения учета денег, находящихся на сберегательных счетах, и особенности открытия и ведения банками второго уровня Республики Казахстан, Национальным оператором почты сберегательных счетов

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 134. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 августа 2014 года № 9703. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 211

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 30.11.2015 № 211 (вводится в действие с 29.11.2015).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п.2

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 июня 2014 года «Об амнистии граждан Республики Казахстан, оралманов и лиц, имеющих вид на жительство в Республике Казахстан, в связи с легализацией ими имущества» Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи субъектам легализации документа, подтверждающего внесение (перевод) денег на сберегательный счет, а также ведения учета денег, находящихся на сберегательных счетах, и особенности открытия и ведения банками второго уровня Республики Казахстан, Национальным оператором почты сберегательных счетов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 сентября 2014 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель
      Национального Банка                        К. Келимбетов

Утверждены        
постановлением Правления
Национального Банка   
Республики Казахстан   
от 16 июля 2014 года № 134

Правила выдачи субъектам легализации документа, подтверждающего внесение (перевод) денег на сберегательный счет, а также ведения учета денег, находящихся на сберегательных счетах, и особенности открытия и ведения банками второго уровня Республики Казахстан, Национальным оператором почты сберегательных счетов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи субъектам легализации документа, подтверждающего внесение (перевод) денег на сберегательный счет, а также ведения учета денег, находящихся на сберегательных счетах, и особенности открытия и ведения банками второго уровня Республики Казахстан, Национальным оператором почты сберегательных счетов (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 июня 2014 года «Об амнистии граждан Республики Казахстан, оралманов и лиц, имеющих вид на жительство в Республике Казахстан, в связи с легализацией ими имущества» (далее - Закон) и определяют особенности открытия и ведения банками второго уровня Республики Казахстан и Национальным оператором почты (далее – банк) сберегательных счетов, открываемых в целях легализации денег граждан Республики Казахстан, оралманов и лиц, имеющих вид на жительство в Республике Казахстан (далее – вкладчики), порядок выдачи документа, подтверждающего внесение (перевод) денег на сберегательный счет, а также ведения учета денег на сберегательных счетах, открываемых в целях легализации денег.
      2. Для целей Правил используются следующие понятия:
      1) сберегательный счет – отдельный сберегательный счет, открываемый банком вкладчику на условиях условного вклада в целях легализации денег;
      2) иностранная валюта – иностранная валюта, по отношению к которой устанавливается официальный курс национальной валюты Республики Казахстан, перечень которой определен постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 242 «Об утверждении Правил установления официального курса национальной валюты Республики Казахстан к иностранным валютам», зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7977.

2. Особенности открытия и ведения сберегательного счета
и порядок выдачи документа, подтверждающего внесение (перевод)
денег на него

      3. Сберегательный счет открывается в национальной валюте Республики Казахстан и (или) иностранной валюте вкладчику на основании его обращения в банк. Внесение (перевод) денег на сберегательный счет осуществляется вкладчиком в национальной валюте Республики Казахстан и (или) иностранной валюте без ограничений по сумме.
      4. Открытие сберегательного счета производится с соблюдением требований Закона Республики Казахстан от 28 августа 2009 года «О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма», в соответствии с постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 266 «Об утверждении Правил открытия, ведения, закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан», зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1199 (далее – Правила № 266), а также на основании заявления об открытии сберегательного счета, в котором указывается валюта сберегательного счета и отметка о том, что сберегательный счет открывается в целях легализации денег.
      5. Договор банковского вклада (условный вклад), кроме условий, предусмотренных Гражданским кодексом Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 года и Правилами № 266, содержит:
      1) условие о том, что сберегательный счет открывается в целях легализации денег;
      2) условия внесения, снятия, хранения и распоряжения деньгами, находящимися на сберегательном счете, в порядке, предусмотренном Законом и Правилами;
      3) размер ставки вознаграждения, установленный банком;
      4) условие об удержании банком в безакцептном порядке с суммы вклада сбора за легализацию денег, подлежащего уплате в бюджет, в размере и случае, предусмотренными подпунктом 1) пункта 2 статьи 6 и подпунктом 2) пункта 3 статьи 8 Закона;
      5) порядок выдачи вкладчику справки, подтверждающей размер внесенной (переведенной) суммы денег по форме согласно приложению 2 к Закону.
      6. Внесение/перевод денег вкладчиком на сберегательный счет осуществляется в течение срока легализации денег, установленного Законом. На открытый сберегательный счет банком не допускается последующее внесение/зачисление денег вкладчиком.
      7. Распоряжение вкладчиком деньгами, внесенными/переведенными на сберегательный счет, осуществляется по истечении шестидесяти календарных месяцев, начиная с даты внесения/перевода денег на сберегательный счет, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 3 статьи 8 Закона.
      8. После внесения/перевода вкладчиком денег на сберегательный счет банк не позднее трех рабочих дней, следующих за днем зачисления денег на сберегательный счет, выдает вкладчику справку, подтверждающую размер внесенной (переведенной) суммы денег по форме согласно приложению 2 к Закону, заверенную печатью и подписями уполномоченных лиц банка, наделенных соответствующими полномочиями на основании приказа руководителя банка, либо иных документов, на основании которых предоставлены такие полномочия.

3. Ведение учета денег на сберегательных счетах,
открываемых в целях легализации денег

      9. Банк обеспечивает обособленный учет денег вкладчиков, размещенных на сберегательных счетах в целях легализации, на балансовом счете 2208 «Условные вклады физических лиц» Типового плана счетов бухгалтерского учета в банках второго уровня, ипотечных организациях и акционерном обществе «Банк Развития Казахстана», утвержденного постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2011 года № 3, зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6793.

Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 134 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 тамызда № 9703 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 211 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2015 № 211 (29.11.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктері бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ.Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 134 қаулысымен
бекітілген

Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды)
растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктері
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктері (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі - банк) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың (бұдан әрі - салымшылар) ақшасын заңдастыру мақсатында ашылатын жинақ шоттарын ашудың және жүргізудің ерекшеліктерін, жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты берудің, сондай-ақ ақшаны заңдастыру мақсатында ашылатын жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізудің тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жинақ шоты — ақшаны заңдастыру мақсатында банктің салымшыға шартты салым талабымен ашатын жеке жинақ шоты;

      2) шетел валютасы - оған қатысты Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамы белгіленетін, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен айқындалған шетел валютасы.

2. Жинақ шотын ашудың және жүргізудің ерекшеліктері және оған ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру тәртібі

      3. Жинақ шоты салымшыға оның банкке жасаған өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында және (немесе) шетел валютасында ашылады. Ақшаны жинақ шотына енгізуді (аударуды) салымшы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында және (немесе) шетел валютасында сома бойынша шектеусіз жүзеге асырады.

      4. Жинақ шотын ашу "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс- қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (бұдан әрі - № 266 ереже) сәйкес,сондай-ақ жинақ шотының валютасы көрсетілген және жинақ шотының ақшаны заңдастыру мақсатында ашылатындығы туралы белгі қойылған жинақ шотын ашу туралы өтініштің негізінде жүргізіледі.

      5. Банктік салым шарты (шартты салым) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) және № 266 ережеде көзделген талаптарды қоспағанда, мыналарды қамтиды:

      1) жинақ шотының ақшаны заңдастыру мақсатында ашылатыны туралы талап;

      2) Заңда және Қағидаларда көзделген тәртіппен жинақ шотындағы ақшаны енгізу, алу, сақтау және иелік ету талаптары;

      3) банк белгілеген сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;

      4) Заңның 6-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген мөлшерде және жағдайда банктің салым сомасынан бюджетке төленуге жататын ақшаны заңдастыруға алымды акцептсіз тәртіппен ұстап қалуы туралы талап;

      5) Заңның 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салымшыға енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтаманы беру тәртібі.

      6. Салымшының жинақ шотына ақша енгізуі/аударуы Заңда белгіленген ақшаны заңдастыру мерзімінің ішінде жүзеге асырылады.

      Банк ашқан жинақ шотына салымшының ақшаны кейіннен енгізуіне/аударуына жол берілмейді.

      7. Салымшының жинақ шотына енгізілген/аударған ақшаға иелік етуі Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшаны жинақ шотына енгізген/аударған күннен бастап күнтізбелік алпыс ай өткен соң жүзеге асырылады.

      8. Салымшы жинақ шотына ақшаны енгізгеннен/аударғаннан кейін банк ақшаны жинақ шотына есептеген күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей салымшыға Заңның 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын, банк басшысының бұйрығы не осындай өкілеттіктер берілген өзге де құжаттар негізінде тиісті өкілеттіктер берілген банктің мөрімен және уәкілетті адамдарының қолымен куәландырылған анықтаманы береді.

3. Ақшаны заңдастыру мақсатында ашылатын жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу

      9. Банк заңдастыру мақсатында салымшылардың жинақ шоттарында орналастырылған ақшасын Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қантардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының "Жеке тұлғалардың шартты салымдары" 2208-баланстық шотында жеке есепке алуды қамтамасыз етеді.