О внесении изменений в решение Сарысуского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 25-11 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району"

Решение маслихата Сарысуского района Жамбылской области от 6 мая 2014 года № 29-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 30 мая 2014 года № 2232. Утратило силу решением маслихата Сарысуского района Жамбылской области от 31 марта 2015 года № 42-10

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Сарысуского района Жамбылской области от 31.03.2015 № 42-10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Сарысуского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 25-11 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району", (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2102, опубликовано в районной газете "Сарысу" от 1 февраля 2014 года № 8-9) следующие изменения:
      В Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району утвержденных данным решением:
      в пункте 7 слова "участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге" заменить словами: "участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 100 000 (сто тысяч) тенге".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социально-экономическому развитию территорий, финансов и бюджета, охраны окружающей среды и использования природы, определения административно-территориальной единицы районного маслихата.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня его государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
 

      Председатель сессии

Секретарь районного

      районного маслихата

маслихата

      Т. Оразбаев

Б. Дондаулы

   

"Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Сарысу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 29-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 мамырда № 2232 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 42-10 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 42-10 шешімімен (жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2102 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 8-9 аудандық "Сарысу" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасының:
      7 тармағындағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 50 000 (елу мың) теңге көлемінде" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде" деген сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

      сессиясының төрағасы

хатшысы

      Т. Оразбаев

Б. Дондаұлы