Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 541 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 541 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):

      1) Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Полторабатько - Қазақстан Республикасының Парламенті

      Людмила Григорьевна Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Никитинская - Қазақстан Республикасының Парламенті

      Екатерина Сергеевна Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Баймаханова - Қазақстан Республикасының Парламенті

      Галина Александровна Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Сыдықов - Қазақстан Республикасының Парламенті

      Серік Сламжанұлы Сенатының Аппараты Басшысының орынбасары

       (келісім бойынша)

      Тілеухан - Қазақстан Республикасының Парламенті

      Нәркес Түлекқызы Мәжілісі Аппаратының заңнама бөлімінің

       меңгерушісі (келісім бойынша)

      Әбіш - Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Самат Сатыбалдыұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының

       орынбасары (келiсiм бойынша)

      Кененбаев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      Ерлік Әбдірақымұлы министрінің орынбасары

      Өмірияев - Қазақстан Республикасының Ауыл

      Мүслім Тайырұлы шаруашылығы вице-министрі

      Жұманғарин - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму

      Серік Мақашұлы вице-министрі

      Ахметов - Қазақстан Республикасы Табиғи

      Рустам Нұрланұлы монополияларды реттеу агенттігінің

       жауапты хатшысы

      Жанәбілова - Республикалық нотариаттық палатаның

      Әсел Болатқазықызы төрағасы (келісім бойынша)

      Түгел - Республикалық адвокаттар коллегиясының

      Әнуар Құрманбайұлы төрағасы (келісім бойынша)

      Жүрсінов - "KazEnergy" Заңды тұлғалар бірлестігінің

      Рустам Манарбекұлы құқық мәселелері бойынша атқарушы

       директоры (келісім бойынша);

       мына:

      "Уақпаев - Қазақстан Республикасы Парламентi

      Марат Сұлтанұлы Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама

       бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

      Шәженова - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму

      Дина Мэлсқызы және сауда министрлігінің жауапты хатшысы

      Бөрібаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет

      Асқар Исмайылұлы вице-министрі"

       деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уақпаев - Қазақстан Республикасы Парламентi

      Марат Сұлтанұлы Сенатының Экономикалық даму және

       кәсіпкерлік комитетімен өзара байланыс

       жасау бөлімінің меңгерушісі

       (келісім бойынша)

      Шәженова - Қазақстан Республикасы Экономика және

      Дина Мэлсқызы бюджеттік жоспарлау министрлігінің

       жауапты хатшысы

      Бөрібаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және

      Асқар Исмайылұлы ақпарат вице-министрі";

      көрсетілген құрамнан Серік Байсейітұлы Ақылбай, Амантай Жанкенұлы Күреңбеков, Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов, Евгений Иосифович Аман, Өсер Елеусізұлы Мизанбаев, Балжан Ибатқызы Досмұхамбетова, Николай Петрович Тихонюк шығарылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiн талдау;

      2) Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкімет шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, Премьер-Министрдің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін азайтуды көздеген жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

      3) заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;

      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын мемлекеттік органдардың арасындағы келiспеушiлiктердi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;

      5) мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;

      6) Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу;

      7) Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларын Үкіметке түскен күнінен бастап 15 күндiк мерзімде олар бойынша оң не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;

      8) заңнамалық актілерде реттеп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын (қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заң жобаларын қоспағанда) және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;

      9) заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жiберу туралы ұсынымдар әзірлеу;

      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

      11) заңнаманы кодификациялау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу;

      12) кодификацияланған және топтастырылған актілердің жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың үшiншi жұмасында, қажет болғанда, Комиссияның төрағасы белгілейтiн өзге де күндерде өткiзiледі.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді Комиссияда қарау қажеттігі болған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен олар бойынша сырттай дауыс беру өткізілуі мүмкін.

      Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі мәселе бойынша материалдар дауыс беру үшін жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Комиссия мүшелері Әділет министрлігіне өз пікірлерін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда, Комиссия мүшесі оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Комиссия мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      Егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.

      Сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.";

      15-1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Комиссия отырысында қарау үшін ұсынылған заң жобаларының тұжырымдамалары 3 жұмыс күні ішінде барлық Комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді қоспағанда, Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдар өз ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда оларды 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынады. Ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды Әділет министрлігі заң жобасының тұжырымдамасы бойынша алдын ала қорытындыға қоса тіркейді.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге қосымшамен толықтырылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 497 қаулысымен.

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 907 қаулысымен.

      "3. Уәкілетті органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының келесі екі жылға арналған перспективалық жоспарын орындау үшін Мемлекет басшысының тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағдарламаларды, Үкіметтің шешімдерін, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды ескере отырып әзірлейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заң жобаларының барлық тұжырымдамалары бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне енгізген кезден бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Ереженің 5-тармағында көрсетiлген талаптарға тұжырымдаманың сәйкестiгiн көрсететiн алдын ала қорытынды дайындайды. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қорытындысын Комиссия заң жобасының тұжырымдамасымен және заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысымен бiрге қарайды.

      Бұл ретте Әділет министрлігінің қорытындысында заң жобасы тұжырымдамасының осы Ережесінің 8, 9-тармақтарының талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер көрсетіледі. Заң жобасының тұжырымдамасы көрсетілген тармақтардың талаптарына сәйкес келмеген кезде әзірлеуші оның пысықталуын қамтамасыз етуге тиіс.";

      14-тармақ алып тасталсын;

      19-1 тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң жобаларының, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар бұрынғы және жаңа редакциядағы баптардың салыстырма кестесінің көшірмелеріне әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметі басшысының қолы қойылады.";

      төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заң жобасын (оның ішінде электрондық жеткізгіштерде);".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 541 қаулысына
қосымша
  Заң жобалау қызметi мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
туралы ережеге
қосымша

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссия мүшелерінің отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша
дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы

Р/с

Заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның мүшесі

Дауыс берді:*

Дауыс берген жоқ

Жақтағандар

Қарсы болғандар


































































Дауыс берген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің барлығы:




      Дауыс беру нәтижелері: ________________________________________

      * Тиісті сандар қойылатын "Дауыс берген Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің барлығы" деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың "Дауыс берді" және "Дауыс берген жоқ" деген бағандарында тиісінше "+" немесе "-" белгілері қойылады.

      Ведомствоаралық комиссия мүшесі отырыста немесе сырттай дауыс беру нәтижелерін қорытындылау кезінде жоқ болған жағдайда, тиісті белгі қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады